Жүріс-тұрыс ережелері

«Сарыарқа» фитнес орталығының ережелері

Орталықтың жалпы ережелері:

-        «Сарыарқа» фитнес орталығында (бұдан әрі - Орталық) барлық келушілерге және орталықтың мүшелеріне міндетті Ережелер бекітілген.

-        Орталық Ережелерінің мақсаты – тиімді жаттығулар мен алға қойылған нәтижелерге қол жеткізу үшін неғұрлым қауіпсіз, оңтайлы және қолайлы жағдайлар жасау.

-        Қажет болған жағдайда Әкімшілік Орталықтың Ережелерін қайта қарауы немесе толықтыруы мүмкін.

  1. Орталық бекітілген жұмыс уақытына сәйкес күнделікті ашық. Жұмыс уақыты: дүйсенбі – санитарлық-профилактикалық күн, сейсенбі–жексенбі сағат 09:00–23:00. Орталық әкімшілігі мереке күндерін жартылай немесе толығымен демалыс күндері деп хабарлауға құқылы. Өзгерістер туралы ақпарат хабарландыру тақтасына ілінеді, velotrek.kz сайтына, сонымен қатар Орталықтың әлеуметтік желілеріне орналастырылады. Орталыққа кіру рұқсаты Орталық жұмыс уақытының аяқталуына дейінгі 1,5 сағатта тоқтатылады. Орталықта болу уақыты - 4 сағат, бір рет кіру күнделікті сағат 14:00-ге дейін.   
  2. Орталықта жаттығумен айналысу Орталық жұмысының соңына 30 минут қалғанда аяқталады, Орталық жұмысының аяқталуынан кешікпей бөлмелерді босату қажет.
  3. Орталыққа келу үшін бір реттік пакет немесе клубтық карта алу қажет, оған: жаттығу залы, хауыз және сауналар кіреді.
  4. Бір реттік қатысатын жағдайда: Фитнес орталығына кіретін кезде Сізге кассаға барып Орталықтың бағатізбесіне сәйкес бір реттік катысуға төлем төлеуіңіз қажет (кепілге құжаттарыңызды қалдырасыз).  
  5. Егер келушіде Клубтық карта бар болған жағдайда: клубтық карта иелері Орталыққа кіретін кезде рецепцияда Клубтық картасын көрсетіп, киім ілетін орындағы шкафтың магниттік кілтін алуы қажет.
  6. Егер келушіде Клип карта бар болған жағдайда (дербес жаттығу): Клип карта иелері рецепцияда Клип картаны көрсетіп, киім ілетін орындағы шкафтың магниттік кілтін алуы қажет.
  7. Орталыққа мүше болуды рецепция администраторлары ресімдейді, олар келушілерді Орталықпен таныстырады, клубтық карталардың түрлері және оларды сатып алу талаптары туралы кеңес береді, жаттығулар мен қызметтердің түрлері жөнінде, бағасы, жаттығулар кестесі, техника қауіпсіздігі, Орталықтағы жүріп-тұру ережелері бойынша және Орталықтың қызметімен байланысты өзге мәселелер бойынша ақпарат ұсынады. Орталыққа мүше болу администратор клубтық картаны ресімдеген сәттен басталады.    
  8. Орталыққа 18 жасқа толған әрбір азамат мүше бола алады.
  9. Клубтық картаның жеке реттік нөмірі болады және ол атаулы болып табылады. Клубтық картаны сатып алатын кезде оған төлемді қолма-қол немесе есепшот арқылы есептеу жүргізуге немесе банктік терминал арқылы төлеуге болады.

10.  Техникалық апаттар мен төтенше жағдайлар туындаған жағдайда әкімшілік Орталықтың қызметін тоқтатып қоюға құқылы (жеке үй-жайлар, Орталық толығымен).

11.  Сатып алынған Клубтық картаның түріне сәйкес Орталық мүшесіне мынадай қызметтер ұсынылуы мүмкін:

1)     жеке жаттығулар;

2) жаттығу залындағы жеке жаттығулар;

3) хауызда және жаттығу залында нұсқаушымен жеке жаттығулар;

4) саунаға және хауызға кіру (клубтық картаның және бір реттік абонементтің бағасына кіреді);

5) Клубтық карталардың иелері Орталыққа күніне тек қана 1 рет кіруге құқылы.

12.  Дербес жаттығу – бұл келушінің тілегінің және оның дене шынықтыру дайындығы деңгейінің негізінде оған құрылған жеке бағдарлама бойынша жаттықтырушының келушімен жеке жұмысы. Дербес жаттығулар мен сабақтарға төлем Фитнес орталығының қолданыстағы бағатізбесіне сәйкес 100% төлем жүйесі бойынша өткізіледі. Клип картаға 5 және 10 сабақ кіреді және қолдану мерзімі: сатып алған уақыттан бастап 30 күнтізбелік күн ішінде - 5 жаттығу сабағы, 60 күнтізбелік күн ішінде - 10 жаттығу сабағы. Жаттығу бір сағат (60 минут) жалғасады. Клуб жаттығу сабақтарының бағасын өзгертуге құқылы. Клуб жаттығулар бағасының өзгеруі туралы Келушіге жаңа бағалар күшіне енбес бұрын 15 күнтізбелік күннен кешіктірмей ескертуге тиіс.

13.  Топтық жаттығулар. Топтық жаттығуларға төлем Фитнес орталығының қолданыстағы бағатізбесіне сәйкес 100% төлем жүйесі бойынша жүргізіледі. Клип карта 12 жаттығуды қамтиды және сатып алған уақыттан бастап 30 күнтізбелік күн мерзімінде әрекет етеді.

14.  «Дербес жаттығу» пакетіне кіретін қызметтер:

-        Жаттықтырушының келушімен жеке 5 және 10 сағат жұмысы;

-        Диетология бойынша бір дербес кеңес;

-        Тамақтану жоспарын және жаттығу жоспарын құру;

-        Киім ілетін орындағы дербес кабина;

-        Душты пайдалану.

15.  Әкімшілік дербес жаттығуларды жүргізу шарттарын және тәртібін белгілейді. Дербес жаттығуларды тек Орталықтың нұсқаушысы ғана өткізеді. Дербес жаттығуға жазылу алдын ала администраторларда нұсқаушымен келісіп жүргізіледі. Дербес жаттығуға кешіккен жағдайда жаттығудың жүргізілу уақыты қысқартылады. Дербес жаттығуды болдырмау немесе ауыстыру (төлемді сақтаумен) оның басталуына 2 сағаттан кешіктірмей жүргізілуі қажет. Пайдаланылмаған жаттығулар үшін ақша қаражаты қайтарылмайды.

16.  Клубтық карта жоғалған жағдайда иесінің жазбаша өтініші бойынша қалпына келтіріледі. Жаңа картаны дайындауға төлем бекітілген тарифтерге сәйкес алынады.

17.  Клубтық картаны ресімдеу кезінде медициналық анықтаманы (жаттығуларға қатысуға терапевттен рұқсатнама) ұсыну қажет. Клуб Келушінің денсаулық жағдайына әсер ететін кез-келген өзгерістерге, сонымен қатар Клуб аумағында алған жарақаты үшін жауап бермейді. Фитнес орталығындағы медбикелер алғашқы медициналық көмек көрсетеді (созылу, кесілген жаралар, жараланып, күйіп қалуды, қан қысымын өлшеу және т.б.).

18.  Клубтық картаның күші Орталық Мүшесінің директордың атына жазатын өтініші бойынша тоқтатылуы мүмкін. Есептік бағдарламада (электрондық базада) клубтық карта күшінің аяқталу мерзімі және себебі туралы белгі қойылады. Аталған өтінішті ертерек беру қажет. Клубтық картаны қолдануды тоқтатудың ең ұзақ мерзімі 30 күн. Егер өтініш берушіге медициналық себептер бойынша денеге түсетін ауырлық тым ұзақ уақытқа қарсы көрсетілген болса, онда клубтық картаның күшін тоқтату уақыты өтініш берушінің ұсынған анықтамасында көрсетілген мерзімге ұзартылады. Егер өтініш берушіге денеге түсетін ауырлық тұрақты негізде қарсы көрсетілетін болса, «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК директорымен келісіп, атаулы клубтық картаны өтініш беруші басқа тұлғаға қайта ресімдей алады. Егер Орталықтың мүшесі қолданыстағы клубтық картаны пайдаланбау және оны басқа тұлғаға қайта ресімдемеу туралы шешім қабылдаса, аталған карта бойынша өткізіп алған жаттығу сабақтары үшін ақша қаражаты қайтарылмайды.

19.  Мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың Орталыққа жеке және топпен келуі (растайтын құжаттары болған кезде) бір адамның сүйемелдеуімен ғана болуы мүмкін. Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды сүйемелдейтін адамдар бағатізбеге сәйкес 50% төлем жүргізеді.

20.  Спортшылар үшін оқу-жаттығу сабақтары Орталықпен келісілген кесте бар болған жағдайда жүргізілуі мүмкін.

21.  Келушілердің жеке мүліктерін сақтауды қамтамасыз ету мақсатында Орталыққа келушілердің сыртқы киімдерін ауыстыруға және сақтауға арналған Орталықта шағын шкафтар қойылған, сонымен қатар рецепция аймағында бағалы мүліктерді (құжаттар, ақша қаражаттары, қымбат бұйымдар, зергерлік әшекейлер, ұялы телефондар және т.б.) сақтауға арнайы жабдықталған жеке сейфтер орналастырылған.

Орталық жоғалған немесе қараусыз қалған заттарға жауап бермейді.

22.  Шкафтың магниттік кілті/браслеті тіркеуден өтіп, картаның түрі мен мерзімін тексергеннен кейін Орталықтың рецепциясында беріледі. Шкафты пайдаланғаннан кейін оны ашық қалдыру қажет. Шкафтың магниттік құлпымен қиындықтар болған жағдайда рецепциядағы Администраторға жүгіну қажет. Орталықтағы жаттығулар аяқталғаннан кейін шкафтарда жеке заттарды қалдыруға рұқсат етілмейді. Орталықтан шығарда шкафтың кілтін/браслетін рецепцияға тапсыру қажет.

23.  Ұмытылған заттар жөніндегі мәселер бойынша Клуб рецепциясына жүгіну қажет. Ұмытып кеткен заттарды (бас киімдер, шомылатын костюмдер, жуынатын заттар, спорттық заттар) сақтау мерзімі – 3 күн, ұмытылған қымбат заттарды сақтау – 30 күн.

Шкафтардың электрондық кілтін/браслетін немесе сейфтің кілтін жоғалтып немесе қасақана сындырған жағдайда бекітілген тарифтерге сәйкес айыппұл төленеді.

24.  Жеке гигиена: тазалықтың жалпы нормаларын және дене эстетикасын сақтау, душ қабылдау және жаттығу формасын ауыстыру, жаттығу жұмыстары кезінде орамалдарды пайдалану.

25.  Орталық әкімшілігі хауыз аумағында хауызды тазарту бойынша клинингтік және мамандандырылған компаниялармен бірлесіп тазалық пен тәртіпті қолдайды. Олардың жұмысына Санитарлық эпидемиялық қадағалау номаларына сәйкес хауызды күнделікті тазалау, хауыздар мен сауналарда температуралық режимді қолдау кіреді. Клинингтік компания Орталықтың барлық аумағына күнделікті күндізгі және түнгі ылғалды тазалық жұмыстарын жүргізеді. 

26.  Орталық аумағында тыйым салынады:

       1) шылым шегуге, мас күйінде болуға, спирттік сусындарды ішуге, есірткіні және тыйым салынған дәрілік заттарды қолдануға;

       2) қандай да бір қару түрін өзімен бірге әкелуге және сақтауға;

       3) өзімен бірге тағамдар мен сусындар әкелуге;

       4) Орталықтың фреш-барынан сатып алынған тағамдарды және сусындарды (спорттық коктейлдерді және суды қоспағанда) жаттығу аймағына, хауыз және сауналар аумағына кіргізуге (хауыз аумағында орналастырылған диспенсердегі ауыз суды қоспағанда); 

       5) музыкалық және басқа аппаратураны өздігінше пайдалануға;

       6) топтық сабақтар өтетін залдарда орындарды өздігінше ұстауға;

       7) Орталық мүшелеріне Орталықтың өзге мүшелеріне жаттығулар өткізуіне;

       8) қызмет бабында пайдалануға арналған аумаққа арнайы шақырусыз кіруге;

       9) Орталықта Әкімшілікпен арнайы келіспей кино, фото түсірілім жасауға тыйым салынады;

       10) Орталық аумағында қатты дауыс көтеріп және агрессивті сөйлесуге, нормативтік емес лексиканы қолдануға тыйым салынады;

        11) Әкімшілікпен келісілмеген кез-келген ашық акцияларды (әр түрлі үндеухаттарды тарату, көрнекті үндеулер, саяси немесе коммерциялық мақсаттағы жарнамалық акцияларды) өткізуге тыйым салынады.

27.  Орталыққа келуші Орталыққа келтірілген зиян (мысалы, материалдық құндылықтарды жою, жоғалту, бүлдіру) үшін материалдық жауапкершілік алады. Келтірілген залал үшін төлем мүліктерді бүлдіріп, жоғалтқан кезде залалды өтеуде бекітілген бағатізбеге сәйкес төленеді.

28.  Орталықтың әкімшілігі мен күзеті Орталық аумағындағы осы Ережелердің талаптарын бұзатын азаматтарды қызмет ұсынудан немесе қызмет үшін төленген ақша қаражатын қайтарусыз кез-келген уақытта шығарып жіберуге құқылы.

 

Жаттығу залына, хауызға және сауналарға келу ережесі:

 

29.  Жалпы ережелер: қатты немесе созылмалы, тері аурулары байқалған кезде келуге тыйым салынады.

30.  Киім үлгісі: Орталықта жаттығуға арнайы ауыстыратын аяқ киім және киім (залдарда дененің жоғары жағы жабық болуға тиіс) қажет. Негізінен бұл: футболкалар, спорттық шалбарлар, шолақ шалбарлар, спорттық аяқ киімдер. Қауіпсіздік мақсатында жалаң аяқ, шұлықпен, жағажайлық немесе үй шәркесімен және т.б. жаттығуға тыйым салынады. Жаттығулар алдында өткір иісті парфюмерияны пайдалануға болмайды. Киім таза, ұқыпты болуы қажет.

31.  Жаттығу залдарындағы сабақтардың алдында нұсқаулықпен танысып, оны сақтау қажет. Жаттығатын заттарды пайдалану мәселелері бойынша жаттығу залындағы кезекші нұсқаушыға айтыңыз.

32.  Жаттығулар кезінде жаттығатын заттардың бетіне жеке орамал жаю керек. Егер Келуші жабдықты бір тұрғыдан артық пайдаланса, сол жабдықты пайдаланғысы келетін адамдарға назар аударуы керек. Егер Келуші сол жердегі немесе басқа жаттығатын жабдықта немесе белгілі аймақта оның жаттығу іс-әрекеттерінің аяқталуын біреу күтіп тұрғанын байқаса, онда ол жаттығуларды тез арада кезек бойынша ұсынуға тиіс.

33.  Бос өлшеуіштермен жұмыстан кейін зілтемірлерден белтемірлерді алып, гантельдерді гантельдер тұрынтағына қойыңыз. Жаттығу құрылғыларының қайсысын болмасын кез-келген уақытта (жөндеу, алдын алу жұмыстары кезінде) пайдалануға шек қойылуы мүмкін.    

34.  Киім үлгісі: жүзуге арнайы ауыстыратын аяқ киім (сланцы), шомылу костюмі, жүзуге арналған бас киім болуы тиіс.

35.  Хауыздағы адамдардың жүріп-тұру ережелерін хауызға барлық келушілер орындауға міндетті. 

36.  Хауыздағы жаттығуларға хауызда жүріп-тұру ережелерімен танысқан ересек адамдардың қатысуына рұқсат етіледі. 

37.  14 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫ (БАЛАЛАРДЫ) ХАУЫЗ ЖӘНЕ ЖАТТЫҒУ ЗАЛЫ АЙМАҒЫНДА АТА-АНАСЫНЫҢ НЕМЕСЕ УӘКІЛЕТТІ БІРГЕ ЕРІП ЖҮРЕТІН ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ҚАРАУЫНСЫЗ ҚАЛДЫРУҒА ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ. АТА-АНАЛАР МЕН УӘКІЛЕТТІ БІРГЕ ЕРІП ЖҮРЕТІН ТҰЛҒАЛАР ОРТАЛЫҚ  АУМАҒЫНДА, АТАП АЙТҚАНДА ХАУЫЗДА БАЛАНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ҮШІН ТОЛЫҒЫМЕН ЖАУАПТЫ. Баланы (балаларды) басқа баланың (балалардың) қарауына қалдыруға болмайды. Орталық персоналы Орталық және хауыз аумағында балалардың өмірі мен қауіпсіздігіне жауап бермейді.

38.  16 жасқа дейінгі балалардың қауіпсіздігі үшін қосымша жеңқаптар беріледі.

39.  Саунаға келу клубтық карта мен бір реттік абонементтің бағасына кіреді. Аталған қызметті пайдалану осы қызметпен жаттығуды бір уақытта пайдаланатын келушілерге тегін болып табылады. Орталыққа келуші Орталықтың дербес қызметі ретінде саунаға қолданыстағы бағатізбе бойынша бір жолғы төлемнен кейін ғана ортақ құқықта қатысу уақыты өткен соң немесе атаулы картамен төленген кезекті қатысуды есептеп шығарғаннан кейін бара алады.

40.  Алдын алу іс-шараларына байланысты сауна жұмысы Орталық Әкімшілігінің белгілеген уақыт кезеңінде тоқтатылуы мүмкін. Алдын алу жұмыстары кезінде аталған бонустық қызметті пайдалану мүмкіндігінің болмауына Әкімшілік орнын толтырмайды.

41.  Саунаны пайдаланатын кезде техника қауіпсіздігі ережесін сақтау қажет. Саунаның электр камині сағат 09:00-ден 22:30-ға дейін жұмыс істейді. Саунадағы барынша температура 90-100 С құрайды.

42.  Саунада жеке тазалықты сақтауды өтініп сұраймыз. Сыпырғыштарды және өзге атрибуттарды, маскаларды, скрабтарды пайдалануға тыйым салынады. Ластайтын және өткір иісі бар косметиканы, денені күтуге арналған өзге заттарды пайдалануға тыйым салынады. Саунаға кірерде қажеттілігінше душ қабылдау қажет. Сізге ыңғайлы болуы үшін душ сауна аумағында орналасқан.    

43.  Саунада киімді және орамалды кептіруге, сондай-ақ өзінен кейін қандай да бір киімді және заттарды қалдыруға тыйым салынады. Сауна аумағында тамақ жеуге және сусын ішуге тыйым салынады. Саунаға келушілердің барлығы үшін оңтайлы жайлылықты қолдау мақсатында эфир майлары мен тұнбаларды пайдалануға рұқсат етілмейтіні туралы ескертеміз. Электр камин электр болғандықтан оған су құюға үзілді-кесілді тыйым салынады. 

           САУНАНЫ ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР:

- саунаны өздігінше қосуға және сөндіруге тыйым салынады (ол барлық тәртіпте оңтайлы жұмыс істейді);

- ортақ пайдаланатын саунада шомылатын костюмде жүруге, орамалды пайдалануға болады; 

- қажет болған жағдайда бас киімді қолданыңыз;

- саунаға кірер алдында макияжыңызды, байланыс линзаларыңызды, әшекей бұйымдар мен сағатыңызды шешіңіз;

- алдын ала душ қабылдаңыз;

- саунаға 2-3 рет кіруге және онда 8 - 12 минут болу қажет, кіру арасындағы дем алу уақыты  3 – 5 минут. Бірінші кіру – 5 минуттан көп емес.

- саунаға қайта кіргеннен және қысқа мерзімде салқындағаннан кейін өте төмен температураның әсерін сезінуге болады (салқын душқа бару);

- саунаға хош иісті қоспаларды пайдаланбаңыз, шағын тастарға құймаңыз.

           САУНАҒА КЕЛУГЕ  ҚАРСЫ КӨРСЕТІМ:

      - артериялық қысым жоғары немесе төмен болса;

      - бүйрек қатты зақымданса;

      - нерв жүйесі зақымданса (бас сүйек іші қысымы жоғары болса);

      - жүрек аурулары кезінде.

44.  Жаттығуларға қойылатын талаптар: 

-        шомылар алдында тамақтану аралығы екі сағаттан кем болмауы тиіс;

-        душта гигиеналық заттармен жуыну қажет (душқа арналған гель, сабын);

-        шомылуға арналған костюм кию (суға түскенде киетін іш киім);

-        хауыз аумағына арнайы аяқ киіммен (сланцымен) шығуға рұқсат етіледі;

-        егер Сіз жүзу білмесеңіз, ол туралы жаттығу өткізетін фитнес нұсқаушыға хабарлаңыз;

-        аква-аэробика топтарына келушілерге жаттығу басталғанға дейін 5 минут ертерек кіруге рұқсат етіледі;

-        суға тек фитнес нұсқаушының рұқсатымен кіру;

-        суды ластауға, жүгіруге, суға борттан секіруге тыйым салынады; 

-        сүңгіген кезде судың астында көп қалмау;

-        келуші өздігімен жаттыға алады немесе Орталық нұсқаушыларының қызметтерін пайдалана алады, оның Орталықтың өзге Келушілеріне жеке жаттығулар жүргізуге құқығы жоқ; 

-        топтық жаттығулар кезінде судан нұсқаушының бұйрығымен шығу;

-        жаттығулар кезінде пайдаланылған спорттық керек-жарақтарды орындарына жинап қою;

-        жаттығулар аяқталғаннан кейін душ қабылдау қажет.

  1.   Клубтық карта:

-        клубтық картаны барлық пакеттер түріне (Bronze, Silver, Cold, Platinum) 50% жеңілдікпен Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің және ведомстволық ұйымдардың қызметкерлері алуға құқылы;

-        клубтық картаны студенттер жеңілдікпен алуға құқылы (Күндізгі бөлім, бакалавриат. Сырттай оқу бөлімінің магистранттары мен студенттері қарастырылмайды), зейнеткерлер барлық пакеттер түріне (растайтын құжаттар бар болса). Студенттік абонементтер атаулы болып табылады (қонақ болып келу жоқ). Жас шамасына шектеу 25 жасқа дейін;

-        шет елдік құжаттары бар студенттер тек Bronze және Silver клубтық картасын 50% жеңілдікпен алуға құқылы;

-        5 жастан 18 жасқа дейінгі балалар (мектептік жас: растайтын құжаттары болған жайдайда) бір жолғы келуді 50% жеңілдікпен алуға құқылы;

-        Орталық мүшесі өзінің Клубтық картасын үшінші тұлғаға беруге құқылы. Клубтық картаны беру иесінің берген сенімхатының негізінде жүргізіледі.

46.  Балалар: 

-        ата-аналар балаларының өмірі мен денсаулығына жеке жауапкершілік алады;

-        5 жасқа дейінгі балаларға орталықта айналысу тегін, бір ересек адаммен 2 баладан артық  рұқсат етілмейді;

-        3 жастан бастап балаларға хауызға келу ата-анасының біреуі бірге еріп келген жағдайда рұқсат етіледі;

-        ересектермен бірге еріп келетін 5 жастағы балалар киім ілетін орындарда жыныстық белгілері бойынша орналасуға тиіс;

-        15 жасқа дейінгі балалар Орталыққа тек ата-аналарымен немесе 18 жастан кем емес бірге еріп жүретін уәкілетті тұлғалармен (бірге еріп жүретін уәкілетті тұлға туралы ата-аналардың өтініштерінің негізінде) келе алады;

-        14 жастан асқан балалар Орталыққа ата-аналарының жазбаша өтініштерімен өздігімен кіре алады. Сондықтан баланың осы Ережелерді сақтауы міндетті болып табылады.

«Сарыарқа» фитнес орталығының әкімшілігі

Сіздерге жақсы дем алып, тиімді жаттығуды тілейді!

 

 

наверх