Тұру ережелері

«Сарыарқа» қонақ үйінде тұру ережелері

Азаматтарды қонақ үйге қабылдау, тұруы және орналастыру Қазақстан Үкіметінің 21.04.2008 «Жеке және заңды тұлғалардың астана аумағында сауда, ойын-сауық, қонақ үй, медицина және басқа қызметтерді ұсыну ережелерін бекіту туралы» №366 қаулысымен бекітілген «Қазақстанда қонақ үй қызметтерін ұсыну ережелеріне» сәйкес жүзеге асырылады.

1. Жалпы ережелер

1.1. «Сарыарқа» қонақ үйінде Тұрушылардың осы Тәртіп ережелері (бұдан әрі – Ережелер) «Сарыарқа» (бұдан әрі – Қонақ үй) қонақ үйіндегі тұлғаларға (Тұрушылар) қатысты.

1.2. Қонақ үй ҚР Спорт және дене шынықтыру жөніндегі агенттіктен және оған қарасты ұйымдардан белгіленген үлгінің жазбаша сұранымдары бойынша көпшілік іс-шаралардың спортшылары мен қатысушылары үшін ғана есептелген.

1.3.  Қонақ үйдің барлық қонақтары соның ішінде қонақ үйдің қызмет көрсетушілері осы Ережелердің талаптарын сақтауға міндетті.

2.  Брондау және орналастыру

2.1.  Бөлмені брондауы расталған тұлғалар қонақ үйге орналасу құқығын бірінші кезекте алады. Қалғандарының барлығы жалпы кезек тәртібінде орналастырылады.

2.2. Бөлмені брондау Клиент бірегей брон нөмірін алғаннан кейін расталған болып есептеледі.

2.3. Егер ұйым брондауға кепіл бермесе, бөлме броні келу күне 18:00-ге дейін сақталады. 18:00-ге дейін келмеу жағдайында бронь жойылады және Қонақты орналастыру жалпы кезек тәртібінде жүргізіледі.

2.4. Әкімшілік Қонақтың Қонақ үйде тұру мүмкіндігін тек төлем жасалған уақытқа ғана қамтамасыз етеді. Төленген уақыт аяқталғаннан кейін Қонақ қалауы бойынша тұру тек бос орындар болған кезде ағана созылуы мүмкін. Аталған тарау міндетті түрде тұру туралы шартты жасасу (принятия заявки или оплаты)кезінде Қонаққа хабардар етіледі.

2.5. Тұру құқығын алу үшін Қонақ келесі құжаттарды әкімгерге ұсынуы тиіс: төлқұжат (азаматтық немесе шетелдік), жеке куәлік.

2.6. Қонақ тіркеу сауалнамасын толтырып,  жоғарыда көрсетілген құжатпен бірге әкімгерге тұруды ресімдеу үшін береді. Еркін орналасу жағдайында Қонақ бос орындардан бөлме катрегориясын таңдайды, тұру төлемін жасайды. Сонан соң оған бөлме нөмірі беріледі.

2.7. Қонақ үйден кету кезінде  Қонақ бөлмені Қонақ үйдің қабылдау және орналастыру қызметінің әкімгеріне өткізуге, сонан соң бөлме кілтін өткізуге және  егер үшін тарап оның есебі үшін ресми түрде жауапкершілік алмаса, Қонақтың есебінде белгіленген қызметтер үшін төлем жасауға міндетті. Есептесу аяқталғаннан кейін Қонаққа көрсетілген қызметтерді түсіндірумен тұру есебі беріледі.

3. Қонақ үй қызметтерін төлеу

3.1. Тұру үшін төлем қонақ үйдің бағатізбесіне сәйкес қонақ үй тәулігі бойынша жүзеге асырылады.

3.2. Қазақстан Республикасы, ТМД және шетел азаматтары үшін қонақ үй қызметтеріне бағалар ҚР ұлттық валютасымен –теңгемен белгіленген. Қонақ үй өызметтері үшін төлем теңгемен қолма-қол, я ақшасыз формада  ұйым есебі бойынша жүзеге асырылады.

3.3. Бөлме және қосымша қызметтер бағалары туралы ақпаратты қабылдау және орналастыру(ресепшн) бөлімінен алуға болады. Тұру үшін төлем Қонаққа ұсынылатын бөлме және қызмет категориясына қарай өндіріледі.

3.4. Қонақ үйде 10 жасқа дейінгі балалардың тұруы жағдайында (отбысмен орналасу жағдайында) балаға бөлек төсек орын берілмесе төлем өндірілмейді. 6-12 жас аралығындағы балаға қосымша орын ұсыну жағдайында қабылдау және орналастыру қызметіндегі арнайы тарифтер бойынша төлем өндіріледі.

4.  Қонақ үйде Тұрушылардың Құқықтары мен Міндеттері.

4.1. Қонақ үйде Тұрушылар құқылы:

  • ұсынылған тұрғын алаңын, мәдени-тұрмыстық мақсаттағы ғимараттарды пайдалануға;
  • қамтамасыз етудің типтік нормаларына сәйкес жиһазды, төсек –орын жабдықтарын және басқа құрал-жабдықтарды пайдалануға;
  • тұрмыстық қызмет көрсетудегі кемшіліктерді уақытылы алдын алуды талап етуге;
  • қонақ үйдің көрсеткен қызметтеріне пропорциялы бағаны қонақ үй әкімгеріне төлеп, кез-келген уақытта қонақ үй қызметтерін көрсету туралы шартты бұзуға.

4.2. Тұрушы міндетті:

  • бөлмеден шығу кезінде су бөлетін крандарды, терезелерді жабуға, жарықты, теледидарды және электр техникасын өшіруге;
  • қонақ үйде белгіленген тұру тәртібін, тазалықты, тыныштық және нөмірде және қонақ үйде қоғамдық тәртіпті сақтауға;
  • өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға;
  • қонақ үй мүлкін жоғалту, зақымдау немесе бұзу жағдайында шығынды өтеуге. Келтірілген шығын бағасы қонақ үй мүлкін бұзу туралы бағатізбе негізінде өндіріледі;
  • өзінің бөлмесіне шақырылған келушілер әрекетіне жауапкершілік алуға;
  • қонақ үй көрсеткен барлық қосымша қызметтер үшін уақытылы және толық көлемде төлем жасауға.

5. Қонақ үй келушілеріне тыйым салынады:

 5.1. Қонақ үйде тәртіпті және қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, қонақ үйде тыйым салынады:

  •  өзі болмаған кезде бөтен адамдарды бөлмеде қалдыруға;
  • бейтаныс тұлғаларға қонақ кілтін және карточкасын беруге;
  • бөлмеде ауыр заттарды, тез жанатын, жарылғыш, уландырғыш, есірткі материалдарын және заттарды сақтауға ;
  • Қонақ үй бөлмелерінде, холдарда және дәліздерде шылым шегуге;
  • бөлмедегі жиһазды, төсек-орын жабдықтарының орнын ауыстыруға, шығаруға;
  • мас күйде болуға;
  • Қонақ үй бөлмесінде бұл қаралмаса, жылыту құралдарын пайдалануға.
  • Қонақ үй әкімшілігінің рұқсатынсыз қызметтік, қосалқы және басқа бөлмелерге баруға;
  • кәмелеттік жасқа тлмаған балаларды қараусыз қалдыруға ;
  • душта әйнек ыдыстағы жуу құралдарын пайдалануға;
  • көршілес бөлмелерде тұратын қонақтар тынышытығын бұзуға.

Қонақ үй Әкімшілігі күмән тудыратын немесе Қонақ үйдің ережелерін бірнеше рет бұзған тұлғаға қызмет көрсетуді ұсынудан бас тартуға құқылы. 

Қонақ үй әкімшілігі мен күзет осы Ережелердің талаптарын бұзушы азаматтарды кез-келген уақытта, төленген қызметке қаражатты қайтарусыз Қонақ үй аумағынан қуып шығуға құқылы.

 «САРЫАРҚА» ҚОНАҚ ҮЙІНІҢ ӘКІМШІЛІГІ СІЗГЕ ЖАҚСЫ ДЕМ АЛУЫҢЫЗДЫ ТІЛЕЙДІ!

наверх