Жаңалықтар

«Астана» плей-оффқа жақындауда

06 наурыз 2017

Қазақстандық «Астана» пермдік «Парманы» 88:73 (21:15, 21:13, 22:28, 24:17 есебімен жеңді.
Ойынның бірінші жартысында ойын есепбін алаң иелері екі есе көбейтіп, өзіне жайлы жағдай жасап үлгерді. «Астана»қорғанысы үлкен үзісіске дейін пермалықтарға тек 28 ұпай алуға мүмкіншілік берген болатын. Сондай ақ, үшінші 10-минуттың басында Илиас Папатеодордың ойыншыларын пермалықтар Сергей Черновпен Саша Загорацтың алға ұмтылыс жасауымен Константин Булановтың нысанаға тигізуі арқасында 52:50 есебімен қуып жетті. Алайда, Иан Миллер және Роберт Лоуридің иінге тигізуіне байланысты алаң иелері өз есебін 10 ұпайға кобейтіп, ойынның соңғы төртінші бөлігінде қазақстандық«Астана» есебін өсіріп, маусымдағы 9-шы жеңіске ие болды, яғни плей-офф аймағына кірді.

Ең нәтижелі ойыншылар:
«Астана»: Усман Крубалли (21+12 алу), Роберт Лоури (16+7 алу +5 беру), Иан Миллер (15), Леонидас Касилакис (11+8 алу)
«Парма»: Сергей Чернов (14+6 беру), Константин Буланов (13), Саша Загорац (11+5 алу), Максим Дыбовский (10+8 алу)

«Парма» командасының бас бапкері Вячеслав Шушаков:  
- Мен өз жігіттерімнің ойынына ризамын. Әрине, бугін үшұпайлық Уховтың, жарақаттануына байланысты, жетіспеушілігі болды. Сонымен қатар ойын
тұрақтылығы жетіспеді. Қорғаныста барлық күшімізді салдық. Әрине, бугін «Астана» бізден мықты болды.

«Астана»  бас бапкері Илиас Папатеодору:
- Ең бастысы қорғаныста жақсы ойын болды, оның ішінде  «Пармның»
көшбасшыларына қарсы, әсіресе Черновтан жақсы қорғандық. Біз ойынның бірінші жартысында 14 ұпаймен алға шығып, ойынды бақылауға алдық. Үшінші бөлікте бірнеше уақыт зейін қоюды азайтып алдық, бірақта өз бақылауымызды қайта жаңғыртып, жеңіске ие болдық.

www.pbcastana.kz

наверх