Жаңалықтар

«Мектепке жол» қайырымдылық акциясына Орталықтың қатысуы 

16 тамыз 2017

«Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК жасөспірім мектеп оқушыларын жаңа оқу жылының басталуы алдында құтықтап,  «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына белсенді қатысты.

Жыл сайын өтетін республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы қоғамдық игілік іс және акцияның мақсаты аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ішінен оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша мектепке бармауын алдын алу үшін көмек көрсету болып табылады.

 

Велосипед спортынан ОДО әкімшілігі

наверх