Жаңалықтар

Қазақстандықтарды «Спорт күні» кәсіптік мерекесімен құтықтаймыз! 

17 тамыз 2017

Қазақстан Республикасында тамыздың үшінші жексенбісінде «Спорт күні» кәсіптік мерекесі атап өтіледі. Әлемдік спорттық ареналарда көк туымызды қалықтата желбіретіп, әнұранымызды шырқататын қазақстан спортшылары еліміздің мақтанышы. Біздің елімізде спорт мәдениетінің жоғары нәтижеге көтерілгені бүкіл әлемге танылғаны айқын, Қазақстан жерінде беделді халықаралық спорт жарыстары өткізілуде.

«Спорт күні» мерекесімен спортсмендерді, тренерлерді, денешынық-тыру ұстаздарын, спорттық мекемелер қызметкерлерін және спортқа құштар барлық қазақстандықтарды шын журегімізден құтықтаймыз!

Баршаңызға мықты денсаулық, аманшылық, бақыт, жаңа женістермен рекордтар, спортпен бірге ұзақ өмір сүруді, қажымас қайраттылық, алдағы мақсаттарыңыздың орындалуына тілектестігімізді білдіреміз!

 

 Велосипед спортынан ОДО баспасөз қызметі

наверх