Жаңалықтар

30 тамыз - Конституция күні мемлекеттік мереке! 

29 тамыз 2017

«Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК барлық Қазақстан халқын аса мерейлі мереке ҚР Конституция күні мемлекеттік мейрамымен құтықтайды!

Осыдан 26 жыл бұрын қабылданған Конституция құқықтық мемлекетті қалыптастыру мен қоғамды демократияландыру жолындағы тарихи маңызды белес болды, елімізді экономикалық, әлеуметтік табыстарға жеткізіп, қазақстан халқының әл-ауқатынын өсіріп, демократиялық дамуына барлық мумкүндік жасады.

Бүгінде Қазақстан бүкіл əлем таныған абыройлы елге айналғаны анық. Ата заң аясында тəуелсіздік жылдары Қазақстан экономикасын дамытуда, ғылым, білім, мәдениет, спорт, денсаулық және басқада барлық салаларда улкен жетістіктерге жетіп, әрқарай дамытуда.

Елдігіміз мəңгілік, мерейіміз үстем болсын! Отанымыз – Қазақстан Республикасы нығайып, дами берсін! Барша қазақстандықтарға игі­лік, бақ-береке, молшылық, ашық аспан тілейміз!

Велосипед спортынан ОДО әкімшілігі

 

 


наверх