"Астана" баскетбол клубы

  • Құрылған жылы: 2011
  • Клубтың түстері: сары, көк
  • Үй аренасы: "Сары-Арқа" Республикалық велотрегі" (9270 көрермен)
  • Қатысады: ҚР Ұлттық лигасы, ВТБ Бірыңғай лигасы
  • Бас директор: Валерий Тихоненко
  • Команданың бас бапкері: Маттео Боничиоли

"Астана" баскетбол клубы "Самұрық-Қазына" Ұлыттық әл-ауқат қорының қолдауымен 2011 жылы мамырда құрылған.

Қазір "Астана" БК - Рустам Яргалиев, Антон Пономарев, Всеволод Фадейкин, Егор Бирюлин, Максим Воейков, Дмитрий Климов және Павел Ильин сияқты жетекші қазақстандық ойыншыларды,  сондай-ақ Еуропада кең танылған  Джери Джонсон, Роул Маршал, Эрик Вильямс, Бранко Цветкович және Лука Дрча сияқты белгілі легионерлерді біріктірген клуб. Клубтың бас бапкері ретінде итальяндық маман Маттео Боничиолли шақырылды, ол 2008 жылы Италияда "Жыл тренері" атанған. Сол жылы итальяндық бапкер "Авеллино" клубымен "Еврочеленджер" кубогын жеңіп алған, ал "Лоттоматика Рома" оның басшылығымен 2010 жылы Еуролига 16-тобына шыққан, міне ол қазақстандық топты да үлкен жеңістерге әкелді. 

"Астана" БК жетістіктері:

  • Қазақстан Куьогының иегері (2011 жыл)
  • Қазақстан Кубогының иегері (2012 жыл)
  • 2011/2012 жылғы маусымның ҚР Ұлттық лигасының чемпионы.
  • ВТБ Бірыңғай лигасында "А" шағын тобында 7-орын.        

ВТБ лигасында «Астана» қазақстандық клубы 16 ойын өткізді, олардың ішінен 7-уі литвалық "Жальгирис", украиналық "Будивельник", эстондық  "Калев", ресейлік  "Нижний Новгород" сияқты еуропалық баскетбол грандтарын және Лиганың іс басындағы чемпиондарын және "Химки" БК Еурокубогын жеңді.

"Астана" БК ойыншылары өз лигаларында бірнеше рет үздік атанды.

  • Роул Маршалл - ВТБ лигасында 2011 жылғы қараша айының үздік ойыншысы, сондай-ақ 2012 жылғы Қазақстан Кубогының "Үздік жеңіл форварды" атанған.
  • Джерри Джонсон - "Лучший разыгрывающий" Кубка страны 2012 года 2012 жылғы ел Кубогының  және 2011/2012 Қазақстан чемпионатының "Үздік ойнаушысы".
  • Рустам Яргалиев - 2012 – Қазақстан Кубогының "Үздік шабуылдаушы қорғаушысы".
  • Бранко Цветкович - 2011- Қазақстан Кубогының "Үздік жеңіл форварды".
  • Эрик Уильямс - 2011 жылғы ел Кубогының және  2011/2012 Қазақстан Чемпионатының "Үздік орталықшысы".

Жаңа маусымда "Астана" сондай-ақ өз жанкүйерлерін жаңа және әдемі жеңістерімен қуантуға ниеттенуде!

Ресми сайт: www.bcastana.kz

наверх