"Жұлдыз" көркем гимнастика мектебі

"Жұлдыз" Көркем гимнастика мектебі «Сарыарқа» велотрегі гимнастика залының аумағында негізделген

2011-2015 жылдарға «Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамыту бойынша бағдарламаны» іске асыру шеңберінде, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы  № 1113 қаулысымен бекітілген 2011-2015 жылдарға Қазақстан Республикасы «Саламатты Қазақстан»  Денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, Астана қаласында «Жұлдыз» Көркем гимнастика мектебі ЖШС ашылды.

"Жұлдыз" Көркем гимнастика мектебі инфрақұрылымында келесілер бар:

  • Хореографиялық зал
  • Жаттығулар үшін зал: төсеніштер, швед қабырғалары, білдектер, киім ілетін бөлмелер, орындықтар және шкафтар
  • Ата-аналар үшін күту залы
  • Фрэш бар

Көркем  гимнастика – қыз балаларға арналған арнайы жұмсақ және үйлесімді спорт түрі. Қыз балалар 4-5 жастан бастап айналысады және денсаулығын нығайтып, түзу келбетін қалыптастырып, икемділігін, үйлестігін дамытады. Оқу топтары жасына, бағыттылығына, физикалық дайындық деңгейіне қарай құрылады.

Көркем гимнастика бұл тек ептілік, күш және төзімділік қана емес, сондай-ақ гимнастикалық заттарды қолдана білу (шеңбер, доп, шоқпар, лента). Балеттен мұраланған музыка және хореографиямен байланысы арқасында ол спортшылардан ырғақ сезімі мен әуенділікті талап етеді, қозғалыстардың мәнерлілігін жасап, гимнасттарды эстетикалық тәрбиелеуге жәрдемдеседі.

Балалық кезде берілетін жаттығу дағдылары, олардың негізі – гимнастика элементтерін орындау өмірде әрдайым қажет болады. Көркем гимнастика элементтері бар арнайы жаттығуларды орындау балаға өзін сенімді, үйлесімді сезінуге көмектеседі, қабылдау және зияткерлік даму мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Біздің мекенжайымыз:
Қабанбай батыр көш. 45 А (солтүстіктен кіру), 0 қабат
Тел.: +7(7172) 57-28-06, +7-701-873-74-44, +7-701-018-13-81.

Ресми сайт: www.rg-star.kz

наверх