Велотрек туралы

 «Сарыарқа» Республикалық велотрегі» РМҚК  Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 4 мамырдағы «2006-2011 жылдарға Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының мемлекеттік бағдарламасы туралы» N2 111 қаулысына сәйкес құрылған.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу- Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа жолдауын іске асыра отырып, біз 2011 жылғы Азия ойындары үшін құрылған спорт инфрақұрылымын қолдана отырып жаппай спортты дамыту үшін іс-шаралар өткізудеміз.

Велотрек қызметінің мақсаты жаппай дене шынықтыру спорт қозғалыстарын дамыту үшін спорт ғимаратын және жабдығын пайдалану, жыл бойы орталықтандырылған спорт қорын және барлық спорт түрлері бойынша республиканың ұлттық құрама командаларын дайындауды ұйымдастыру және өткізу болып табылады.

Республикалық велотрек - велошабандоз  шлемі түрінде - өзіндік спорт кешендерінің бірі ретінде мойындалған. Оның күмбезіне және 44 мың шаршы метр алаңына- велотректің өзінен басқа спорттың барлық түрлері бойынша әртүрлі спорт залдары, фитнес орталықтар, бассейн, баскетбол алаңдары, мұз айдыны, мәжіліс залдары, мейрамхана және қонақ үй кешендері орналасады.

Трек ағаштан жасалған жабынға ие. Жабынның ұзындығы 250 метр. Велошабандоздардың жайлылығы үшін трек бұрылыстарда 42 градус және тура телімдерде 12,5 градус еңіске ие. Тректің ені 7 метр. Велотрек бойынша қозғалыс үнемі сағат тіліне қарсы жүзеге асырылады.

 

  • Велотрек ұзындығы - 250 м.
  • Ені - 7 м.
  • Жабын – ағаштан жасалған.
  • Ағаш түрі - сібір балқарағайы.

Объект сыйымдылығы 9200 отыру орындарынан тұрады. Азиададан кейін әртүрлі республикалық және әлемдік жарыстарды өткізу, сондай-ақ спорт жиындары үшін қолданылады. Сонымен қатар кешенді концерттер, баспасөз конференцияларын, брифингтер өткізу үшін қолдануға болады.

наверх