Министр

Арыстанбек Мұхамедиұлы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі

Өнертану докторы, ҚР еңбегі сіңген қайраткері, ҚР «Құрмет» ордені иегері.

Еңбек қызметін 1984 жылы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекетттік филармониясы Мемлекеттік симфониялық оркестрінде әртіс болып бастады.

 1991-1993 жж. Қазақстан Мәдениет министрлігінде бас маман болып жұмыс жасады.

1997 жылы «Мемлекетттік басқару» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық Жоғары Мемлекеттік басқару мектебін бітірген.

1997-жылдан бастап 2001 жылға дейін Қазақстан Республикасының Республикалық Гвардиясы Президенттік оркестрінің бастығы болып қызмет еткен.  

2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасын бітірген, 2003 жылы тарих ғылымдары кандидаты ғылыми дәрежесін (Ph.D) алумен кандидаттық диссертация қорғаған.  

2003 жылы –  Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі «Республикалық және халықаралық мәдени бағдарламалар дирекциясы» РМҚК бас директоры, 2005 жылы —«Қазақ әуендері» АҚ президенті.

2006 жылы А. Мұхамедиұлы Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат вице-министрі лауазымында болған. Ұлттық және халықаралық деңгейдегі ауқымды мәдени жобалардың ұйымдастырушысы болып табылады,  «Мәдени мұрағат» Мемлекеттік бағдарламасын дайындауға белсенді қатысқан.

2007 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік саясат бөлімінің бас инспекторы, Ішкі саясат бөлімінің мәдениет секторы меңшерушісі.

2008 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің қаулысымен Т.К. Жүргенов атындағы  Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалды.

2014 жылы наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің Қаулысымен Қазақстан Республикасы мәдениет министрі болып тағайындалды.

2014 жылғы 6 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорта министрі болып тағайындалды.

наверх