К 100-летию казахстанского велоспорта

Согласно, Положения о проведении в 2014 году мероприятий, посвященных празднованию 100-летия казахстанского велосипедного спорта администрацией Республиканского велотрека «Сарыарка» было принято решение о создании на официальном сайте Предприятия velotrek.kz рубрики, посвященой 100- летию казахстанского велоспорта.

Целями и задачами ведения новостной и информационной рубрики является пропаганда и популяризация велосипедного спорта страны, возрождение и поддержка спортивных традиций, развитие массовости и организация досуга любителей велосипедного спорта, информирование о мероприятиях, посвященных празднованию 100-летия казахстанского велосипедного спорта.

Авторы рубрики: Бредихин Сергей Николаевич - корреспондент, Сейталиева Анара - пресс-секретарь РГКП "Республиканский велотрек "Сарыарка"

Велоспорт тарихына арналған көрме ашылды

15 Май 2014

Бүгін Астанада «Ақтөбенің алтын медалінен Лондонның алтын медаліне дейін» атты көрме ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақ велоспортының 100 жылдығына арналған «Ақтөбенің алтын медалінен Лондонның алтын медаліне дейін» атты көрмеге велошабандоз саңлақтарымыздың кубогтары, марапаттау қағаздары мен медальдары қойылған. Көрмеде ең ерекше назар аударатын жәдігерлердің қатарында «Актюбинский городской вестник» журналында 1914 жылы жарияланған велоспортшылар туралы жазылған мақаланың мұрағаттық көшірмесі мен қазақ жерінде велоспорттан тұңғыш рет чемпион атанған Сибогат Забировтың суреті бар.

Сонымен қатар, Астанада қазақ велоспортының тарихына арналған музей ашылады. Бұл туралы «Сарыарқа» велотрегі» мекемесінің директоры Бауыржан Мұқашев журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді.

«Қазақ велоспортының дамуы тарихына арналған музей ашуды жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта жәдігерлерді жинастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жәдігерлер негізінен спортшылардың жеке қорынан жинастырылуда. Олардың қатарында дипломдар мен медальдар, спорттық киімдер, кубоктар бар. Бұл музей қазақ велоспортының 100 жылдығына жасаған ерекше тарту болар еді. Музейді шамамен осы жазда ашу жоспарланған», - деді Б.Мұқашев.
Айта өтейік, елімізде спорт тарихына арналған көрмелер өткізілгенімен үлкен көлемдегі музей ашылмаған. Аталған музейді ашу идеясы ҚР Спорт және денешынықтыру ісі агенттігі тарапынан қолдауға ие болып отыр.

Нұрсерік ЖОЛБАРЫС,
Ғабит МАДАЛИЕВ (фото).
www.baq.kz

наверх