Қаріп көлемі: A A A
Аралығы: AАА AАА AАА
Фон: A A A
Қаріп түрі:

Біздің бапкерлердің фитнес-бағдарламалары


Әбілдаев Рустам

«Сарыарқа» фитнес-орталығының І дәрежелі жаттығу залының нұсқаушысы. Жеке тренинг бойынша сертификатталған маман
Жетістіктері: Таеквондодан спорт шебері. Тел: +7 702 554 50 55.

Әбілдаев Рустам бағдарламасы 

«Сарыарқа» фитнес-орталығының жаттығу залының бірінші санаттағы нұсқаушысы. Жеке жаттығу бойынша сертификатталған маман. 

Бағдарламасы:

1 күн

«Айналма жаттығу»

  • кардио шынығу - 10 мин
  • барлық буындарды шынықтыру және созылу - 10 мин

5 жаттығудан тұратын машықтану:

  • жаттығу құрылғысында жоғарғы блокты тарту - 15 рет
  • еденнен серпілу - 15 рет
  • төменгі блокты тарту (ескек) - 15 рет
  • еденде бұралу (пресс) - 20 рет
  • өз салмағымен алға қарай қозғалыс жасау - 30 рет

Жаттығу 5 айналымда жасалады. Демалу уақыты - 1 мин.

Кардио шынығу - 15 мин

2 күн

  • кардио шынығу - 15 мин

6 жаттығудан тұратын машықтану

  • барлық буындарды шынықтыру және созылу
  • өз салмағымен отырып-тұру - 20 рет
  • гиперэкстензия - 20 рет
  • жаттығу құралымен аяқты бүгіп-созу - 12 рет
  • пресс үшін бұралу - 20 рет
  • өз салмағымен секіру - 15 рет

Кардио шынығу - 15 мин

Жаттығулар 1 және 2 күн апта бойы кезекпен-кезек жасалады. Жаттығу курсы - 1 ай.

Кері оралу

Велотректегы рекордтар