Қаріп көлемі: A A A
Аралығы: AАА AАА AАА
Фон: A A A
Қаріп түрі:
KZ
RU EN

Жүріс-тұрыс ережелері


«Сарыарқа» фитнес орталығының ережелері

ОРТАЛЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ:

- «Сарыарқа» фитнес орталығында (бұдан әрі-Орталық) орталықтың барлық келермендері және мүшелері үшін Ережелер орнатылды;

-  Орталық Ережелерінің мақсаты – тиімді жаттығулар және қойылған нәтижелерге қол жеткізу  үшін  аса қауіпсіз, қолайлы және жайлы  жағдайларды жасау;

-  Қажет болған жағдайда орталықтың Ережелерін Әкімшілік қайта қарауы немесе өзгертуі мүмкін.

1.Орталықтың жұмыс кестесі:

Сейсенбі – жексенбі сағат 7.00-ден 23.00-ге дейін.

Дүйсенбі – санитарлық – алдын алу күні.

Орталықтың әкімшілігі ішінара немесе толық Орталықтың қызметін тоқтатуға құқылы. Өзгерістер туралы ақпарат хабарламалар тақтасына ілінеді, velotrek.kz сайтын, сондай-ақ Орталықтың әлеуметтік сайттарында хабарландырылады. Орталыққа кіру рұқсаты Орталық жұмысының аяқталуына дейін 1,5 сағат бұрын тоқтатылады (күндізге абонементпен кіру сағат 15:30 дейін, толық абонемент  сағат 21:30 дейін). Орталыққа келіп кету уақыты 3 сағатты құрайды. Біржолғы кіру уақыты бойынша шектеу – сағат 17.00 дейін.

2. Орталықтың жаттығу аймағындағы жаттығулар Орталық жұмысының аяқталуына дейін 30 минут бұрын аяқталады, бөлмеден Орталық жұмысының аяқталу уақытынан  кеш емес кету қажет.

3. Орталыққа келіп кету үшін біржолғы пакет немесе қызметтеріне: жаттығу залы, бассейн және сауна кіретін Кәсіпорынның бекітілген баға көрсеткішіне сәйкес абонементтік карта алу қажет. Абонементтік картаны сатып алу кезінде оның төлемін қолма қол ақшамен немесе қолма қол ақшасыз немесе банк терминалы арқылы жасауға болады.

4. Біржолғы келу жағдайында: Орталыққа кірген кезде Сізге Орталықтың баға көрсеткішіне сәйкес біржолғы келу құнын төлеу қажет (кепілдікке жеке басты куәландыратын  құжатты қалдыру қажет);

5. Егер клиентте абонементтік карта болса:  Абонементтік карта иелеріне  Орталыққа кірген кезде ресепшнге  абонементтік картаны  ұсыну және киім шешетін шкафтың  кілтін алу қажет;

6.Жеке жаттығуларды өткізу шарттары мен тәртібін Әкімшілік белгілейді. Жеке жаттығулар тек Орталықтың нұсқаушысымен өткізілуі мүмкін. Жеке жаттығуға жазылу нұсқаушымен келісу бойынша  инспекторларда алдын ала  жүргізіледі. Жеке жаттығуға кешіккен жағдайда жеке жаттығуларды өткізу уақыты қысқартылады. Жеке жаттығуды кейінге қалдыру немесе ауыстыру (төлемін сақтап) оның басталуына дейін 2 сағаттан кеш емес жүзеге асырылуы мүмкін.Пайдаланылмаған жаттығулар үшін ақшалай қаражат қайтарылмайды.

7. Абонементтік картаны жоғалту жағдайында қалпына келтірілуі мүмкін. Жаңа картаны дайындау үшін төлем белгіленген тарифтерге сәйкес төленеді.

8. Жеңілдіктер жүйесі:

- Пакеттердің (Bronze, Silver, Gold, Platinum) барлық түрлеріне 50 % жеңілдікпен абонементтік картаны Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің және оған ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері сатып алуға құқылы.

-Жеңілдікпен абонементтік картаны растайтын құжаттары (студенттік билет және оқу орнынан анықтама) бар студенттер (күндізгі бөлім, бакалавриат) алуға құқылы. Сырттай бөлімнің магистранттары мен студенттері қарастырылмайды. Жас шектеуі 23 жасқа дейін.

- Шетелдік құжаттарымен студенттер тек Bronze және  Silver абонементтік карталарын 50 % жеңілдікпен алуға құқылы.

- Пакеттердің (Bronze, Silver, Gold, Platinum) барлық түрлерін жеңілдікпен абонементтік картаны зейнеткерлер (растайтын құжаттары бар болғанда) алуға құқылы.

- Жеңілдікпен абонементтік картаны ата-аналарының келісімімен  14 жастан балалар алуға құқылы (туу туралы куәлік немесе жеке бас куәлігі, атан-ананың біреуінің абонементті алуға келісімімен жазбаша өтініші). Абонемент атаулы болып табылады.

-7 жастан 14 жасқа дейінгі балалар (мектеп жасы: растайтын құжаттары бар болғанда) 50 % жеңілдікпен біржолғы келу құқылы. Егер бала ересекпен абонемент арқылы кірсе, ол (бала) үшін бір кіру алынады.

9. 50 пайыз жеңілдікпен немесе толық құны бойынша сатып алынған абонементтік карта үшінші тұлғаларға берілмейді.

10. Абонементтік картаның әрекет етуін тоқтата тұру Клиенттің директордың атына жазылған өтініші бойынша мүмкін. Абонементтік картаның әрекет етуін тоқтата тұру максималды  мерзімі 30 күнді құрайды. Егер өтініш берушіге денеге түсетін ауырлық тым ұзақ мерзімге медициналық себептер бойынша қарсы көрсетілген жағдайда, онда абонементтік картаның әрекетін тоқтата тұру өтініш беруші ұсынған медициналық анықтамада көрсетілген мерзімге ұзартылады.  Егер Орталықтың клиенті қолданыстағы абонементтік картаны қолданбау шешімін қабылдаса, осы карта бойынша өткізілген жаттығулар үшін ақша қаражаттары қайтарылмайды.

11. Балалар:

-ата-аналар баланың өмірі мен денсаулығы үшін жеке жауапкершілік жүргізеді.

-7 жасқа дейінгі балаларға орталыққа тегін келуге рұқсат, бір ересекпен 2-ден артық  балаға кіру рұқсат емес (туу туралы куәлік ұсыну қажет).

-3 жастан бастап балалар ересектердің алып жүруімен киім шешетін бөлмелерде жыныстық белгілері бойынша орналастырылу тиіс.

-14 жасқа дейінгі балаларға жаттығу залына кіруге тыйым салынады.

12. Клиенттердің жеке мүлкінің сақтығын қамтамасыз ету мақсатында Орталықта келермендерінің киімдерін ауыстыру және сыртқы киімдерін сақтау үшін шкафтар, құнды мүлікті (құжаттар, ақша қаражаты, қымбат бұйымдар, зергерлік әшекейлер, ұялы телефон т.б.) сақтау үшін арнайы жабдықталған рецепция аймағында орналасқан  жеке жағдандар бар. Әкімшілік жоғалған немесе қараусыз  қалдырылған заттар үшін жауапкершілік жүргізбейді.

13. Шкафтың кілт/білезігі тіркеуден, картаның әрекет ету түрі мен мерзімін тексергеннен кейін Орталықтың рецепциясында беріледі. Шкафты пайдаланып болғаннан кейін шкафты ашық қалдыру қажет. Шкафтың  кілтімен проблемалар туындаған жағдайда рецепциядағы Инспекторға жүгіну қажет. Орталықта жаттығулар аяқталғаннан кейін шкафтарда өзіңіздің киімдеріңізді қалдыруға рұқсат берілмейді. Орталықтан кетер алдында кілт/білезікті рецепцияға тапсыру қажет;

14. Орталықтың рецепциясында сүлгілер төлем жасалғаннан кейін, ауыстырусыз әрбір клиентке 1 рет беріледі. Жоғалған жағдайда Орталықтың бекітілген прайсы  бойынша айпыппұл төлетіледі.

15. Ұмытылған заттар туралы мәселелер бойынша ресепшнге  жүгіну қажет. Ұмытылған заттарды (бас киімдер, жүзу костюмдері, сабынды құралдар, спорт киімдері ) сақтау мерзімі –  3 күн, ұмытылған құнды заттар – 30 күн.

16. Дене гигиенасы мен эстетикасының жалпы нормаларын сақтау, душ қабылдау, жаттығу киім түрін ауыстыру, жаттығу құрылғыларында жұмыс істеу барысында сүлгіні қолдану қажет.

17. Орталықтың аумағында мыналарға  тыйым салынады:

1) темекі шегуге, мас күйінде болуға, спирт ішімдіктерін, есірткі және рұқсат етілмеген дәрі-дәрмектерді қолдануға;

2) өзімен қарудың қай түрін  әкелуге және сақтауға;

3) өзімен тамақ және сусындар әкелуге;

4) музыкалық және басқа аппаратураны өздігінен қолдануға;

5) топтық жаттығуларды жүргізу залында орындарды өздігінен резервте сақтауға;

6) Орталықтың мүшелеріне Орталықтың басқа мүшелеріне жаттығулар өткізуге;

7) қызметтік пайдалануға арналған аумаққа  кіруге, тек арнайы шақыру жағдайларынан басқа;

8) Әкімшілікпен арнайы келіскендіксіз  Орталықта  кино және фото түсірмелер жүргізуге;

9) Орталықтан аумағында дауыстап және агрессивті сөйлеуге, нормативтік емес лексиканы қолдануға тыйым салынады;

10) Әкімшілікпен келісілмеген кез-келген көпшілік акцияларға (әртүрлі үндеу парақтарын, көрнекі үгіт-насихаттарды тарату, саясаттық және коммерциялық мақсаттарда жарнамалық акциялар өткізу) тыйым салынады.

Орталықтың клиенті Орталыққа тигізілген зиян үшін материалдық жауапкершілік жүргізеді (мысалы, материалдық құндылықтардың жойылуы, жоғалғаны, бұзылғаны үшін). Тигізілген зиян үшін төлем мүлікті бұзу және жоғалту кезінде зиянды өтеуге бекітілген баға көрсеткішіне сәйкес төлетіледі. Орталықтың әкімшілігі және күзеті осы Ережелердің талаптарын бұзатын азаматтарды  төленген қызметтер үшін алған ақшасын қайтармай, қай уақытта  болсын Орталықтың   аумағынан қуып шығуға құқылы.

18. Қалалық өкімет жүргізген жөндеу және маусымдық алдын ала жұмыстарынан салдарынан туындаған техникалық жайсыздықтар үшін Орталық жауапкершілік жүргізбейді.

ЖАТТЫҒУ ЗАЛЫНА, БАССЕЙНГЕ, САУНАЛАРҒА КІРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ:

19. Жаттығу залына арналған киім түрі: Орталықта жаттығу үшін соған арналған ауыстырмалы аяқ киім және киім (залдарда – дененің үстіңгі жағы жабық болуы тиіс) болу тиіс. Негізінде бұл футболкалар, спорттық шалбарлар, шолақ шалбарлар, кроссовкалар. Қауіпсіздік мақсатында жалаң аяқ, шұлықпен, жағажай немесе үй шәркесінде т.б. жаттығуға тыйым салынады.

20. Жаттығу құрылғыларында жаттығулардың алдында нұсқамамен танысу және қолдану бойынша нұсқаманы ұстану қажет.

21. Бос таразыны қолданғаннан кейін штангілерден блиндарды, гантельдерді алып тастау қажет, оларды гантель тіреуіне салу қажет.

22. Бассейн аймағындағы міндетті талаптар:

- Суға түсу алдыңда асты қабылау  интервалы  бір сағаттан кем уақытты  құрау тиіс;

- Жүзу  костюмінің  (шомылу киімі,плавки), арнайы аяқ киімнің (резеңке шәрке) болуы;

- Егер Сіз жүзе алмасаныз бұл туралы жүзу бойынша нұсқаушыны міндетті түрде ескертіңіз. Жүзе алмайтын тұлғаларға  нұсқаушыны бұл туралы ескертіп, тек оның қадағалауымен бассейн аймағына кіруге болады.

- Топтық жаттығулардың келермендері үшін бассейнге кіру тек жүзу нұсқаушысының шығарып салуымен рұқсат етіледі;

- Суды ластауға, бассейннің аймағында жүгіруге, ернеуден  суға секіруге тыйым салынады;

- Сүңгіген кезде судың  астында ұзақ қалмау;

- Клиент өзі өздігінен жаттыға алады немесе Орталықтың нұсқаушыларының қызметтерін қолдана алады. Клиенттің  Орталықтың басқа клиенттеріне жеке жаттығуларды  өткізуге құқығы жоқ;

- Жаттығу уақытында қолданылған спорттық  мүкәммал  орнына қою.

23. Бассейн аймағына арналған киім түрі: жүзу үшін бұған арналған ауыстырмалы аяқ киім (резеңке шәрке), жүзу костюмі, жүзуге арналған бас киім бар болу қажет.

24. Ата-аналарының және алып жүруші тұлғалардың қарауынсыз бассейн және жаттығу құрылғысы залы аймағында 14 жасқа дейінгі баланы (балаларды) қалдыруға үзілді-кесілді тыйым салынады. Ата-аналар мен алып жүруші тұлғалар орталық пен бассейн  аймағында баланың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін, толық жауапкершілік жүргізеді. Баланы (балаларды) басқа балаға (басқа балаларға) қарай тұруға сеніп қалдыруға болмайды. Орталықтың қызметкерлері Орталық пен бассейн аумағында баланың өмірі мен қауіпсіздігі үшін  жауапкершілік жүргізбейді;

25. Қауіпсіздік үшін, 16 жасқа дейінгі балаларға көмекші құралдар (нудлдар, жүзуге арналған тақталар) беріледі.Мүкәммал  жүзе алатын тұлғаларға беріледі.

26.  Саунаны қолдану кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау қажет. Саунаның электр ошағы  жұмыс күйінде сағат 7.30- 22.30 дейін болады. Саунада  максимал температура 80-100С құрайды.

27. Саунада Орталықтың ережелерін сақтау қажет. Сыпыртқыларды және басқа атрибуттарды, маскаларды, скрабтарды, былғайтын өткір иісті косметиканы және дене күтіміне арналған өзге де құралдарды  қолдануға тыйым салынады. Саунаны қолданғаннан кейін душ қабылдамай бірден  бассейнге кіруге  тыйым салынады.

28. Саунада киімді және сүлгіні кептіруге, сондай-ақ өзінен кейін қандай болса да киімдер мен заттарды қалдыруға тыйым салынады.

29. Бассейн мен сауналардың келермендеріне сауналардың электр жабдықтары мен бу генераторларының панельдерінде және электр қалқандарында қосу, ажырату және реттеу бойынша қандай болса да әрекеттерді жасауға үзілді-кесілді тыйым салынады.

30. Электр ошақтарына су құюға үзілді-кесілді тыйым салынады. Онымен Сіз термиялық күйік, электр тоғымен зақымдану және бір уақытта электр ошақтарының электр қыздырғыштарын бұзу сияқты қауіптерге душар боласыз. Бұл Орталықтың мүлігін бүлдіру ретінде бағаланады және бұл үшін айыпақы салынады.

31. Бассейн мен сауналардың келермендеріне жарықты, еден таразысын, диспенсерлерді қосуға және сөндіруге үзілді-кесілді тыйым салынады.

32. Бассейн мен сауналардың келермендеріне арнайы электр ажыратқыштармен терезелерді ашуға және жабуға  үзілді-кесілді тыйым салынады.

33. Келермендерге бассейн  бөлмежайында электр розеткаларын қолдануға  үзілді-кесілді тыйым салынады.

САУНАНЫ ҚОЛДАНУ БОЙЫНША ҰСЫНЫМДАР:

- ортақ қолданыс саунасында жүзу костюмінде жүруге, сүлгіні қолдануға болады;

- қажеттілік жағдайында бас киімді қолданыңыз;

- саунаға 2-3 рет кіруге және онда 8-12 минут болуға кеңес беріледі, айналып кіруде 3-5 минут демалу ұсынылады. Бірінші кіру – 5 минуттан көп емес;

- саунаға айналып келіп кіргеннен кейін және аз уақыт салқындағаннан кейін, аса төменгі температуралардың (душта суық су құю) әсерін сынауға болады.

САУНАҒА КІРУГЕ МЫНАДАЙ ЖАҒДАЙЛАРДА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:

- артериялық қысым жоғарлаған немесе төмендеген кезде;

- бүйректер қатты зақымданғанда;

- жүйке жүйесі зақымданғанда (бас сүйек ішіндегі қысымның жоғарлауы);

- жүрек ауруларында.

«Сарыарқа» фитнес орталығының әкімшілігі

Сіздерге жақсы демалып, тиімді жаттығуды тілейді!