Тұру ережелері

Мейманханада тұру ережесі

Азаматтарды қонақүйге қабылдау, тұру және орналастыру Үкіметтің 2008.04.21 №366 «Жеке және заңды тұлғалардың елорда аумағында сауда, ойын-сауық, қонақ үй, медициналық және өзге де қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» қаулысымен бекітілген Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

1. Жалпы ережелер

1.1. Осы қонақүйде тұру ережесі (бұдан әрі – ереже) қонаүйде тұратын адамдарға қатысты қолданылады.

1.2. Қонақүй Қазақстан Республикасының азаматтары және шетелдік тұлғалар болып табылатын спортшылар мен спорттық, мәдени - бұқаралық іс-шараларға қатысушылардың уақытша тұруына арналған.

1.3. Қонақүйдің жұмыс режимі - тәулік бойы.

1.4 Қонақүй қызметі келісімшарт негізінде жүзеге асырылады. Шарттың ерекше нысаны жоқ. Бір тарап екінші тарап ұсынған шарттарды қабылдаған кезде келісімшарт күшіне енеді.

1.5. Осы Қағидалар, қызметтер тізбесі, қызметтерге арналған прейскурант, қызметтерге ақы төлеудің нысаны мен тәртібі, заттарды сақтау туралы ақпарат қонақүйдің 1-қабатының холында Reception Ақпараттық папкаларында орналасқан.

1.6. Осы Ережелер қонақ үйдің https://velotrek.kz/ ресми сайтында жарияланған.

1.7. Қонақүйде тұру ережелері, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі ережелері және тұтынушыға ұсынылатын қызметтер туралы ақпарат қонақүйдің әрбір нөмірінде болады.

1.8. Ескертулер мен ұсыныстар кітабын Reception-нен алуға болады.

1.9. Осы құжатта пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

  • «Қонақүй» - адамдардың уақытша тұруына арналған арнайы орын.
  • «Тұтынушы» - қонақүйге орналастыруға шарт жасасқан және тұру қызметтеріне ақы төлеуге жауапты жеке немесе заңды тұлға.
  • «Қонақ» - қонақүйге орналасуды жоспарлайтын және/немесе орналасатын жеке тұлға.
  • «Келуші» – (бөгде/туыс адамдар) – қонақүйде тұрмайтын, бірақ нөмірде бір сағатбіржолғы болу арқылы сағат 08:00-ден 21:00-ге дейін қонақүй аумағында болуға құқығы бар тұлға.
  • «Прейскурант» - қонақүйге қабылдау және орналастыру бөлімінде орналасқан нөмірлер типтерінің және көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамалары, қонақүйде тұру және қосымша қызметтері бойынша бағалары көрсетілген қызметтердің жүйелендірілген тізбесі.
  • «Брондау» - келісілген күндерде тұру құқығын растайтын қонақүйдің нөмірлік қорында нақты нөмірді резервтеуді қамтамасыз ететін әрекет.
  • Қосымша қызметтер - ақылы немесе өтеусіз негізде қонақүй көрсететін қоғамдық тамақтандыру қызметтері, тұрмыстық қызметтер, байланыс қызметтері және т. б.;
  • Reception  - қонақтарды қабылдау және орналастыру орны.
  • «Тұру, брондау және қызметтерге ақы төлеу ережелері» - қонақүйде тұру тәртібі мен шарттарын белгілейтін ережелер жиынтығы.

2. Брондау және орналастыру тәртібі мен шарттары

2.1. Қонақүйде тұрудың бірінші кезектегі құқығын нөмірді брондаумен расталған тұлғалар алады. Қалғандары жалпы кезек тәртібімен орналастырылады.

2.2. Ерте брондау төлемақысы болмаған кезде орналастыруға кепілдік берілмейді.

2.3. Егер брондауға ұйым кепілдік бермесе, кіру күні сағат 18:00-ге дейін сақталады. Сағат 18:00-ге дейін кірмеген жағдайда бронь жойылады, қонақты орналастыру жалпы кезек тәртібімен жүргізіледі.

3. Қонақ үйде тұруды ресімдеу тәртібі

3.1. Қонақүйге орналасу қонақүйде тұруды жоспарлаған ұйымның жазбаша өтінімі негізінде жүргізіледі.

3.2. Әкімшілік қонақтың қонақүйде тұру мүмкіндігін тек төленген уақыт кезеңінде қамтамасыз етеді. Қонақтың қалауы бойынша төленген кезең аяқталғаннан кейін тұру тек бос орындар болған кезде ғана ұзартылуы мүмкін. Осы тармақ міндетті түрде тұру шартын жасасу (өтінімді немесе төлемді қабылдау) кезінде қонақтың назарына жеткізіледі.

3.3. Тұруды ұзарту қажет болған жағдайда ұзарту мүмкіндігін және шығу күнін алдын ала келісу қажет.

3.4. Қонақ тұру құқығын алу үшін әкімшіге келесі құжаттардың бірін ұсыну қажет: төлқұжат (азаматтық немесе шетелдік), жеке куәлік, қызметтік куәлік.

3.5. Қонақүйден шыққан кезде қонақүйдің қабылдау және орналастыру қызметінің әкімшісіне нөмірді, содан кейін нөмірдің кілтін тапсыруға және егер үшінші тарап оның есебінен жауапкершілік туралы ресми мәлімдемесе, қонақ белгіленген қызметтер үшін төлем жасауға міндетті. Есеп айырысу аяқталғаннан кейін қонаққа көрсетілген қызметтер тізбесі мен тұрғаны үшін шот беріледі.

4. Қонақүй қызметтері

4.1. Ақысыз қызметтер:

  • Қайнаған су беру;
  • Бөлмелерді күнделікті тазалау;
  • Төсек жабдықтары мен сүлгілерді үш күнде 1 рет ауыстыру. Қосымша ақыға киім-кешек пен сүлгілерді мерзімінен бұрын ауыстыруға болады;
  • Жедел жәрдем шақыру;
  • Белгілі бір уақытқа «Оятқыш» қызметі;
  • Кіру және шығу кезінде әкімшілікте багажды уақытша сақтау, бірақ 12 сағаттан артық емес;
  • Такси шақыру;
  • Тұтынушының өтініші бойынша үтік, кір кептіргіш алу;
  • Жоғары жылдамдықты сымсыз интернетті пайдалану.

4.2. Қосымша ақылы қызметтер:

  • Кір жуу қызметі (Кір жуу, үтіктеу);
  • іш киімді жуу, үтіктеу - жүзеге асырылмайды
  • Жабдықталған конференц-зал;
  • Спорттық қызметтер;
  • Спорттық-сауықтыру қызметтері;
  • Массаж қызметтері;
  • Фитнес орталығының қызметтері. 

5. Тұру ақысын төлеу тәртібі

5.1. Тұру үшін төлем қонақүй бағалары прейскурантына сәйкес қонақүй тәуліктері бойынша жүзеге асырылады. Нөмірдің құнын, сондай-ақ төлем нысаны мен айыппұл санкцияларын «Астана» олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК әкімшілігі белгілейді:

Есептік сағатқа дейін 1 – ден 24 сағатқа дейін тұру-төлем толық тәулік үшін алынады.

Тұру ақысын төлеу тәртібі – алдын ала төлем, шартты ресімдеу кезінде қолма-қол және қолма-қол ақшасыз төлем.

5.2. Қазақстан Республикасы, ТМД және шетел азаматтары үшін қонақүй қызметтерінің бағасы ҚР Ұлттық валютасы-теңгемен белгіленген.

5.3. Қосымша орын (төсек-орын) берілген жағдайда қонақүйдің баға көрсеткішіне сәйкес төлем алынады.

5.4. Балаға қосымша орын берілмей 7 жасқа дейінгі бала қонақ үйде тұрған кезде (отбасылық орналастыру кезінде) төлем алынбайды. 7 жастан бастап балаға қосымша орын ұсынған жағдайда төлем алынады (яғни 50% жеңілдікпен).

6. Тараптардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі

6.1. Қонақүйде тұратын адамдардың құқығы:

  • қамтамасыз етудің үлгілік нормаларына сәйкес қонақүй нөмірін (жиһазбен, төсек-орын жабдықтарымен және басқа да құрал-жабдықтармен) пайдалануға;
  • тұрғын үй-тұрмыстық қызмет көрсетудегі кемшіліктерді уақтылы жоюды талап етуге;
  • қонақүй әкімшілігіне көрсетілген қызметтердің тепе-тең сомасын төлеп, қызметтерді көрсету шартын мерзімінен бұрын бұзуға;

6.2. Қонақүй әкімшілігі:

  • күмән тудыратын немесе қонақүй ережелерін бірнеше рет бұзған тұлғаға қызмет көрсетуден бас тартуға;
  • осы Ережелердің талаптарын бұзған азаматтарды қонақүйдің аумағынан кез келген уақытта, төленген қызметтер үшін ақшалай қаражатты қайтармай шығарып жіберуге құқылы.

6.3. Қонақүйде тұратын адамдар міндетті:

  • нөмірден шыққан кезде су құбыры шүмектерін, терезелерді жабу, жарықты, теледидарды және электротехниканы сөндіру;
  • тыныштықты және қонақүйде белгіленген тұру тәртібін сақтауға;
  • өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау;
  • моральдық-этикалық нормаларды сақтауға;
  • қонақүйдегі тәртіп ережелерін сақтау, қызметкерлерін, келушілерін және басқа қонақтарын әрекеттерімен және сөздерімен қорламау.
  • өрт болған жағдайда әкімшіге хабарлау немесе 101 қызметіне өз бетінше қоңырау шалу;
  • қонақүйдің мүлкін жоғалтқан, бүлдірген немесе сындырған жағдайда залалды өтеу. Келтірілген залалды бағалау қонақүй мүлкінің бүлінуіне баға прейскуранты негізінде жүргізіледі;
  • қонақүй ұсынған барлық қосымша қызметтерді уақтылы және толық көлемде төлеу.

6.4. Қонақ үй қызметкерлерінің міндеті:

  • Тұтынушының жайлылығы мен қауіпсіздігі үшін қонақүй қызметкерлері қонақүйдің негізгі ережелері туралы, нөмірді, нөмірдің жабдығын қалай пайдалану туралы, спирттік ішімдіктерді ішуге және темекі шегуге тыйым салу туралы қысқаша нұсқау беруге міндетті.

6.5. Тұратын адамдардың жауапкершілігі:

  • Қонақ нөмірге шақырылған келушілердің әрекеттері үшін жауапты болады;
  • Қонақүй ережелерін тұратын адам тарапынан бұзған жағдайда, Әкімшілік осы бұзушылық бойынша міндетті түрде акт жасап және қажет болған жағдайда құзыретті органдардың қызметкерлерін шақыра отырып, тұратын адамға мейманхананың аумағында одан әрі болудан бас тартуға құқылы.
  • тұруды тоқтату жөнінде шара қолданылған келушіге қызмет көрсетуден бас тартқан жағдайда, төленген   қызметтер үшін ақшаны қайтару Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

7. Қонақ үйде тұру тәртібі

7.1. Қонақүйде тәртіп пен қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тыйым салынады:

  • қонақүй әкімшілігінің келісімінсіз көрсетілген уақыттан тыс нөмірлерде болу;
  • өз бетімен қоныстану тұру туралы шартты тоқтату үшін негіз болып табылады;
  • өзі болмаған жағдайда нөмірде бөгде адамдарды қалдыруға;
  • бөтен тұлғаларға қонақтың кілті мен карточкасын беруге;
  • нөмірде көлемді заттарды, тез тұтанатын, жарылғыш, уытты, есірткі материалдар мен заттарды сақтауға;
  • алкогольді және спиртті ішімдіктерді ішу;
  • есірткі, психотроптық және басқа да тыйым салатын заттарды қолдануға тыйым салынады;
  • қонақүй нөмірінде, холдарында және дәліздерінде темекі өнімдерін пайдалануға. Осы ережені сақтамау Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 441-бабына сәйкес тиісті жылға 15 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады;
  • егер бұл қонақүй нөмірінде көзделмесе, жылыту аспаптарын пайдалануға тыйым салынады.
  • нөмірден жиһаз, төсек-орын жабдықтарын шығару, қайта орналастыру;
  • қонақүй аумағында спирттік ішімдіктерді қолдануға;
  • қонақүйдің холдары мен дәліздерінде заттарды ілуге;
  • қонақүй әкімшілігінің рұқсатынсыз қызметтік, қосалқы және басқа да үй-жайларда болуға;
  • кәмелетке толмаған балаларды қараусыз қалдыруға;
  • көрші бөлмелерде тұратын қонақтардың тыныштығын бұзу;
  • қонақүйде үй жануарларын орналастыру.

7.2. Қонақүй сақтауға тапсырылмаған ақша қаражатының, несие карталарының, бағалы заттардың, зергерлік бұйымдардың жоғалғаны үшін, сондай-ақ қалалық коммуникациялардың жұмысы үшін (жарықты, суды, жылуды ажырату және т. б.) жауап бермейді.,

7.3. Қонақүй барлық қонақтары, соның ішінде қызмет көрсетуші қызметкерлері осы Ережелердің талаптарын сақтауға міндетті.

МЕЙМАНХАНА ӘКІМШІЛІГІ СІЗГЕ «САРЫАРҚА» МЕЙМАНХАНАСЫНДА ЖАҒЫМДЫ ОРНАЛАСУДЫ ТІЛЕЙДІ!

Құрметпен, мейманхана әкімшілігі