Тұру ережелері
Мейманханада тұру ережесі
Мейманханаға азаматтарды қабылдау, оларды орналастыру және олардың тұруы «Жеке және заңды тұлғалардың астана аумағында сауда, ойын-сауық, қонақ үй, медициналық және өзге де қызметтер көрсету ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 21 сәуірдегі №366 ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы мейманханада тұру ережесі (бұдан әрі-Ереже) мейманханадағы тұратын тұлғаларға қатысты.
1.2. Мейманхана спортшылар мен мәдени-бұқаралық іс-шаралардың қатысушыларына арналған.
1.3. Мейманхана Қазақстан Республикасы азаматтары мен шетелдік тұлғалардың уақытша тұруы үшін арналған.
1.4. Мейманхананың жұмыс тәртібі – тәуліктік.
1.5. Осы құжатта қолданылатын негізгі ұғымдар:
- «Мейманхана», - мейманханаға келетін тұлғалардың уақытша келуіне арналған мамандандырылған бөлмежай.
- «Клиент» - мейманханаға орналастыруға шарт жасаған және осы орналасу төлемі үшін жауапкершілік жүргізетін жеке немесе заңды тұлға.
- «Қонақ» - мейманханада орналасуды ұйғарған және/немесе орналасатын жеке тұлға.
- «Келуші (бөтен/туыстық)» – мейманханада тұрмайтын, бірақ бір сағаттан артық емес уақыт нөмірде біржолғы тұру, сағат 08:00-ден 21:00-ге дейін мейманхана аумағында болу құқығына ие.
-«Баға көрсеткіші» – «Сарыарка» велотрегінің http://velotrek.kz ресми сайтында, сондай-ақ мейманханың қабылдау және орналастыру бөлімінде орналастырылған нөмірлердің түрлері мен көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамалары белгіленген мейманханада тұру және мейманхананың қосымша қызметтері бойынша қызметтердің жүйеленген тізімі.
- «Брондау» – келісілген күндері орналасу құқығын растайтын мейманхананың нөмірлік қорында нақты нөмірді резервтеуді қамтамасыз ететін әрекет.
- «Тұру, брондау және қызметтер төлемі ережесі» - мейманханада тұру ережелері мен шарттарын белгілейтін ережелер жиынтығы.
2. Брондау және орналастыру тәртібі мен шарттары
2.1.Мейманханада орналасуға бірінші кезектік құқықты расталған брондалған нөмірмен тұлғалар алады. Басқалары барлығы жалпы кезек тәртібінде орналастырылады.
2.2. Ерте брондау төлемі жасалмаған кезде орналасуға кепілдік берілмейді.
2.3. Егер брондауға ұйым кепілдік бермесе, бронь кіру күні сағат 18.00-ге дейін сақталады. Сағат 18.00-ге дейін кірмеген жағдайда бронь жойылып, Қонақ жалпы кезек тәртібінде орналастырылады.
3. Мейманханада тұруды рәсімдеу тәртібі
3.1. Мейманханаға орналасу мейманханада тұруды жоспарлаған ұйымның хазбаша өтінімі негізінде жүзеге асырылады.
3.2. Әкімшілік Қонақтың Мейманханада тұру мүмкіндігін тек төленген уақыт кезеңінде ғана қамтамасыз етеді. Қонақтың ықыласы бойынша төленген кезең аяқталғаннан кейін тұру тек бос орындар болған кезде ғана ұзартылуы мүмкін. Осы тармақ міндетті түрде тұру шартын жасаған (өтінімді немесе төлемді қабылдаған) уақытта Қонақтың назарына ұсынылады.
3.3. Тұруды ұзарту қажеттігі туындаған кезде ұзарту мүмкіндігін және шығу күнін алдын ала келісу қажет.
3.5. Қонаққа тұру құқығына ие болу үшін әкімгерге келесі құжаттардың бірін ұсыну қажет: төлқұжат (азаматтық немесе шетелдік), жеке бас куәлігі, қызметтік куәлік.
3.6. Қонақ тіркеу сауалнамасын толтырады және тұру төлемін жасайды. Одан кейін, әкімгер Қонаққа нөмірдің кілтін ұсынады.
3.7. Қонақ мейманханадан шыққан кезде мейманхананың қабылдау және орналастыру қызметінің әкімгеріне нөмірді тапсыруға, содан кейін нөмірдің кілтін тапсырып, Қонақтың шотында белгіленген қызметтер төлемін жасауға міндетті, егер үшінші жақ ресми оның есебі үшін жауапты екендігі туралы мәлімдемесе. Қонаққа есеп айырысқаннан кейін көрсетілген қызметтерді түсіндіру арқылы тұрғандығы үшін шот ұсынылады.
4.Мейманхананың қызметтері
4.1 Тегін қызметтер:
- Қайнатылған су, тігін керек-жарақтары, ыдыс-аяқ және асхана аспаптары жиынтығы;
- Күнделікті нөмірлерді жиыстыру;
- Үш күнде бір рет төсек-орын тысын және сүлгілерді ауыстыру. Қосымша ақыға төсек-орын тысы мен сүлгілерді мерзімінен бұрын ауыстыру мүмкіндігі бар.
- Жедел жәрдем көмегін шақырту;
- Медициналық дәріқұтыны пайдалану;
- Белгілі уақытқа «Отқыш» қызметі;
- Кірген және шыққан кезде әкімгерде жүкті уақытша сақтау, бірақ 12 сағаттан артық емес;
- Қала бойынша анықтамалық-ақпараттық қызметтерді алу;
- Мейманхананың жағданында құнды заттарды сақтау;
- Такси шақырту;
- Клиенттің тілегі бойынша үтік, бугенератор, кірге арналған кептіргіштер;
- Жоғары жылдамдықты сымсыз интернетті пайдалану;
4.2.Жеке төлемге қосымша қызметтер:
- Кір жуатын орынның қызметтері (кір жуу, үтіктеу);
- Жабдықталған конференц-зал;
- Мейрамхана қызметтері;
- Фитнес орталығының қызметтері.
5. Тұру төлемінің тәртібі
5.1. Тұрған үшін төлем мейманхананың баға көрсеткішінің бағаларына сәйкес мейманхана тәуіліктері бойынша жүзеге асырылады. Нөмірдің құнын, сондай-ақ төлем түрі мен айыппұл санкцияларын «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК әкімшілігі белгілейді:
Есеп айырысу сағатына дейін 1-ден 24 сағатқа дейін тұру – төлем толық тәуілік үшін алынады.
Тұру төлемінің тәртібі – алдын ала төлем, шартты жасаған кезде қолма қол және қолма-қол ақшасыз төлем жасау.
5.2. Қазақстан Республикасы, ТМД және шетел азаматтары үшін мейманхана қызметтерінің құы ҚР ұлттық валютасымен белгіленген – теңге.
5.3. Қосымша орын (төсек-орын тысы) берілген кезде мейманхана баға көрсеткішіне сәйкес төлем төлетіледі.
5.4. 7 жасқа дейінгі жас шамасындағы бала, оған қосымша орын берілмей мейманханада тұрған кезде (отбасылық орналасу) ол үшін төлем төлетілмейді.7 жастан асқан балаға қосымша орын берілген кезде төлем төлетіледі (яғни тұруға 50% жеңілдікпен).
6. Тараптардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі
6.1. Мейманханада тұратын тұлғалар мынаған құқылы:
- қамтамасыз етудің үлгілік нормаларына сәйкес мейманханалық нөмірлерді (жиһаз, төсек-орын және өзге мүкәммал) қолдануға;
- тұрғын-тұрмыстық қызмет көрсетуде кемшіліктерді уақытында жоюды талап етуге;
- көрсетілген мейманханалық қызметтердің тепе-тең сомасын мейманхана әкімшілігіне төлеп, мейманханалық қызметтерді көрсету шартын мерзімінен бұрын бұзуға;
6.2. Мейманхана әкімшілігі құқылы:
- күдік туғызатын немесе Мейманхананың ережелерін бірнеше рет бұзған тұлғаға қызметтерді көрсетуден бас тартуға;
- Осы Ережелердің талаптарын бұзған азаматтарды Мейманхананың аумағынан кез-келген уақытта төленген қызметтер үшін ақша қаражатын қайтармай қуып шығуға;
6.3. Мейманханада тұратын тұлғалар міндетті:
- нөмірден шыққан кезде суқұбыр кранын, терезелерді жабуға, жарықты, теледидарды және электротехниканы сөндіруге;
- тыныштық сақтауға және мейманханада белгіленген тұру тәртібін сақтауға;
- өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға;
- өрт болған жағдайда әкімгерге хабарлауға немесе өздігінен 101-ге қоңырау шалуға;
- Мейманхананың мүлігін жоғалтқан, бұзған немесе бүлдірген жағдайда, тигізілген зиянды өтеу. Тигізілген зиянды бағалау мейманхана мүлігінің бұзылу баға көрсеткіші негізінде жүзеге асырылады.
- мейманхана ұсынатын барлық қосымша қызметтерді уақытында және толық көлемде төлеуге;
6.4.Мейманхананың қызметкерлері міндетті:
- Мейманхананың қызметкерлері клиенттердің жайлылығы мен қауіпсіздігі үшін Қонаққа мейманхананың негізгі ережелері туралы, нөмірді, нөмірдің жабдығын қалай пайдалану туралы, спирттік ішімдіктерді ішу және шылым шегу тыйымы туралы қысқаша нұсқау жүргізуге міндетті.
6.5 Тұратын тұлғалардың жауапкершілігі:
- Тұратын тұлға нөмірге шақырылған келушілердің әрекеттері үшін жауапкершілік жүргізеді.
7. Мейманханада тұру тәртібі
7.1.Мейманханада тәртіпті және қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, мейманханада тыйым салынады:
- нөмірлерде әкімшілікпен келіспей көрсетілген уақыттан артық болуға;
- өз еркімен орналасу тұру туралы шартты тоқтату үшін негіз болып табылады;
- өзі жоқ болған жағдайда нөмірде бөтен тұлғаларды қалдыруға;
- бөтен тұлғаларға қонақтың кілті мен карточкасын беруге;
- нөмірде арбиған заттарды, тез тұтанғыш, жанғыш, улы, есірткі материалдар мен заттарды сақтауға;
- мейманхананың нөмірлерінде, холлында және дәліздерінде шылым шегуге;
- қыздыру аспаптарын қолдануға, егер ол мейманхана нөмірінде қарастырылмаса.
- нөмірден жиһазды, төсек-орын жабдықтарын шығаруға, оларды қайта орналастыруға;
- мейманхананың аумағында спирттік ішімдіктерді қолдануға;
- мейманхананың холлдарында және дәліздерінде киімдерді ілуге;
- мейманхана әкімшілігінің рұқсатынсыз қызметтік, қосалқы үй-жай және өзге де бөлмежайларға кіруге;
- кәмелеттік жасқа толмаған балаларды қараусыз қалдыруға;
- көрші нөмірлерде тұратын қонақтардың тыныштығын бұзуға;
- мейманханада үй жануарларын жайластыруға.
7.2. Мейманхана сақтауға тапсырылмаған ақша қаражаттарының, несие карталарының, құнды заттардың, зергерлік бұйымдардың жоғалғаны үшін, сондай-ақ, қала коммуникацияларының жұмысы үшін (жарықты, суды, жылуды және басқаны өшіріп тастау) жауапкершілік жүргізбейді.
7.3. Мейманхананың барлық қонақтары, оның ішінде мейманхананың қызмет көрсетуші қызметкерлері осы Ережелердің талаптарын сақтауға міндетті.
МЕЙМАНХАНА ӘКІМШІЛІГІ СІЗГЕ «САРЫАРҚА» МЕЙМАНХАНАСЫНДА ЖАҒЫМДЫ ОРНАЛАСУДЫ ТІЛЕЙДІ!
Құрметпен, мейманхана әкімшілігі
Велотректегы рекордтар
Құрамы
Эдуард Розенберг
Мемлекет
Астана
Күн
14.06.2014
Уақыт
33,940
Құрамы
Роман Лентарев
Павел Воржев
Мемлекет
Қарағанды облысы
Күн
07.11.2013
Уақыт
2.14,600
Құрамы
Chaebin IM
Мемлекет
Корея
Күн
25.05.2014
Уақыт
1.01,879
Құрамы
Ольга Панарина
Мемлекет
Белоруссия
Күн
05.11.2011
Уақыт
33,472
Құрамы
Anna MEARES
Kaarle MCCULLOCH
Мемлекет
Австралия
Күн
05.11.2011
Уақыт
32,938
Құрамы
Robert FORSTEMANN
Maximilian LEVY
Joachim EILERS
Мемлекет
Team Erdgas
Күн
04.11.2011
Уақыт
43,474
Құрамы
Юлия Голубкова
Дарья Тюлькина
Елена Мандракова
Александра Чалова
Мемлекет
Шығыс Қазақстан облысы
Күн
12.08.2019
Уақыт
3.51,896
Құрамы
Дмитрий Олейников
Максим Полохов
Илья Карабутов
Александр Мусабаев
Владислав Жагипаров
Мемлекет
Қарағанды облысы
Күн
12.08.2019
Уақыт
3.25,525
Құрамы
Екатерина Юрайтис
Фаина Потапова
Светлана Рябова
Надежда Генелёва
Мемлекет
Алматы облысы
Күн
21.05.2014
Уақыт
4.53,939
Құрамы
Yali JING
Baofang ZHAO
Dong Yan HUANG
Wenwen JIANG
Мемлекет
Қытай
Күн
23.05.2014
Уақыт
4.28,347
Құрамы
Евгений Ковалёв
Алексей Марков
Александр Серов
Иван Ковалёв
Мемлекет
РУСВЕЛО командасы
Күн
05.11.2011
Уақыт
3.56,127
Құрамы
Илья Карабутов
Мемлекет
Қарағанды
Күн
30.07.2018
Уақыт
2.20,643
Құрамы
Justina KACZKOWSKA
Мемлекет
Польша
Күн
22.05.2014
Уақыт
2.25,684
Құрамы
Yali JING
Мемлекет
Қытай
Күн
22.05.2014
Уақыт
3.38,811
Құрамы
Leo APPELT
Мемлекет
Германия
Күн
20.08.2015
Уақыт
3.15,432
Құрамы
Glenn O’SHEA
Мемлекет
Австралия
Күн
04.11.2011
Уақыт
4.22,048
Құрамы
Dani KING
Мемлекет
Ұлыбритания
Күн
07.11.2011
Уақыт
14,332
Құрамы
Edward CLANCY
Мемлекет
Ұлыбритания
Күн
06.11.2011
Уақыт
12,839
Құрамы
Ольга Панарина
Мемлекет
Белоруссия
Күн
04.11.2011
Уақыт
10,793
Құрамы
Kevin SIREAU
Мемлекет
Франция
Күн
06.11.2011
Уақыт
9,938