Қаріп көлемі: A A A
Аралығы: AАА AАА AАА
Фон: A A A
Қаріп түрі:

Басшылық туралы


Байжанов Бекболат Құстүтінұлы

«Нұр-Сұлтан» олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК директорының Бірінші орынбасары

Байжанов Бекболат Құстүтінұлы 1978 жылы Алматы облысында туған. Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясын және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ны бітірді. Үйленген, 4 баласы бар.

Байжанов Бекболат Құстүтінұлы 1978 жылы Алматы облысында туған. Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясын және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған. Үйленген, 4 бала тәрбиелеп отыр.

Еңбек жолын 2003 жылы Алматы қаласындағы «№15 Балалар мен жасөспірімдердің дене дайындығы клубы» МКҚК жаттықтырушы-оқытушы лауазымынан бастаған. 2005 жылдан бастап – «Степногорск қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ бас маманы, 2006 жылдан – бас маман, Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитетінің басқарма басшысы қызметтерін атқарған.

2012 жылы Қазақстан Республикасының Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Дене шынықтыру департаментінің директорының орынбасары болып тағайындалған, 2014 жылы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің бұқаралық және олимпиадалық емес спорт түрлерін дамыту департаментінің басшысы болған.

2016 жылғы қыркүйек айынан бастап Маңғыстау облысында Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы, 2018 жылдан бастап – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері бойынша комитетінің төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

2019 жылғы 13 мамырдан бастап Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Дене шынықтыру және спорт комитетінің  «Велосипед спорты бойынша олимпиадалық даярлық орталығы» РМҚК директоры қызметіне тағайындалған.

2021 жылдың 26 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Дене шынықтыру және спорт комитетінің «Нұр-Сұлтан»  олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК директорының Бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.

Кері оралу

Велотректегы рекордтар