Қаріп көлемі: A A A
Аралығы: AАА AАА AАА
Фон: A A A
Қаріп түрі:

«Нұр-Сұлтан» олимпиадалық даярлау орталығы туралы



"Нұр-сұлтан" олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ органдарында заңды тіркеуден өтті және 26.01.2021 жылдан бастап "Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы" анықтамаға сәйкес жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетінің «Нұр-Сұлтан» Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қарашадағы № 766 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетінің «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы», «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы», Нұр – Сұлтан қаласындағы «Олимпиадалық даярлау орталығы», «Атыс спорты түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарының қосылу жолымен құрылды және барлық құқықтар мен міндеттердің, оның ішінде тараптар дауласатын міндеттемелердің құқықтық мирасқоры болып табылады.

Кәсіпорын «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ органдарында заңды тіркеуден өтті және 2021 жылғы 26 қаңтардан бастап «Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы» анықтамаға сәйкес жұмыс істейді.

Кәсіпорын қызметінің мәні спорт саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады. Кәсіпорын қызметінің мақсаты еркін күрес, грек-рим күресі, әйелдер күресі, таеквондо, дзюдо, каратэ WKF, тасжолдағы велосипед спорты, тректегі велосипед спорты, маунтинбайк, академиялық есу, байдаркамен каноэде есу, байдаркамен каноэде есу слаломы, оқ ату, стенд ату, садақ ату, триатлон, жеңіл атлетика бойынша спорт шеберлігін арттыру үшін спортшылардың жыл бойындағы орталықтандырылған даярлығын ұйымдастыру және өткізу, бұқаралық, дене шынықтыру-спорт қозғалысын дамыту үшін спорт ғимараты мен жабдықтарды күтіп ұстау және пайдалану, ұйымдар мен халыққа дене шынықтыру-спорттық қызметтер көрсету болып табылады.

Велотректегы рекордтар