Қаріп көлемі: A A A
Аралығы: AАА AАА AАА
Фон: A A A
Қаріп түрі:
KZ
RU EN

«Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК 2018 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі туралы есеп


«Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің 2018 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау бойынша келесіні хабарлайды.

Кәсіпорынның 2018 жылғы 08 қаңтардағы №13/2 бұйрығымен 2018 жылға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспары бекітілді.

  Кәсіпорынның 2018 жылғы 19 қаңтардағы №18 бұйрығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт бекітілді.

2017 жылға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау, сонымен қатар, кәсіпорын қызметіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және 2018 жылғы 1 және 2 жарты жылдыққа сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Жарты жылдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижелері жөніндегі анықтамалар және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша анықтамалар ресми сайтта орналастырылды және Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне ұсынылды.

Кәсіпорынмен «Қазақ спорты» газетінің 2018 жылғы 26 маусымдағы №25(5103) басылымында «Жемқорлыққа қарсы күрес - әр азаматтың міндеті» тақырыбында С.Ж. Абдрахмановтың дене шынықтыру және спорт саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы мақаласы жарияланды.

2018 жылғы 26 маусымда қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсінікті қалыптастыру мақсатында кәсіпорынмен «Сарыарқа» республикалық велотрегінің қабырғасында «Нұр Отан» партиясының «Бірлік» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ш.Ш. Қожахметовтың және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің бас маманы О.Е.Мұсағалидың қатысуымен брифинг ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, кәсіпорын «Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы» РМҚК бірлесіп «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында республикалық семинар-кеңес өткізді.

Кәсіпорында лауазымдық тұлғалардың заңсыз іс-әрекеттеріне жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен арыздарын қабылдау жәшiгі жұмыс істейді, ол комиссия мүшелерімен тұрақты негізде ашылып тексеріледі және комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді. Атап өту қажет, 2018 жылға лауазымдық тұлғалардың заңсыз іс-әркеттеріне қатысты арыздар түскен жоқ.

Кәсіпорынның www.velotrek.kz интернет – ресурсында «сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет» атты арнайы бөлім бар, онда: 2018 жылға арналған Кәсіпорынның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары, 2017 жылға және 2018 жылғы 1 және 2 жарты жылдық бойынша Кәсіпорын қызметіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар орналастырылған.

«Сатып алулар» бөлімінде Кәсіпорынның 2018 жылға арналған қызметтер және жұмыстар, тауарларды мемлекеттік сатып алу жоспары орналастырылған, сондай-ақ, Кәсіпорынның барлық мемлекеттік сатып алуларына қолжетімділік беретін Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алу веб-порталына сілтеме бар. 

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру мақсатында Кәсіпорын Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментімен бірлесіп «Сарыарқа» велотрегі спорт кешенінің көше медиафасадында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы бейнеролик көрсетілімін ұйымдастырды.