Қаріп көлемі: A A A
Аралығы: AАА AАА AАА
Фон: A A A
Қаріп түрі:
KZ
RU EN

2019 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 1-ші жарты жылдығында туралы есеп


2019 жылдың бірінші жарты жылы бойынша «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспарын орындау бойынша есебі

«Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК (бұдан әрі- Кәсіпорын)   2019 жылғы 22 қаңтардағы №23 бұйрығымен 2019-2020 жылдаға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспары (бұдан әрі- жоспар) бекітілді және кәсіпорынның интернет-ресурсында жарияланды.

Кәсіпорында лауазымды тұлғалардың заңсыз іс - әрекеттеріне қарсы азаматтардың өтініштері мен шағымдарын қарастыру үшін жәшік орналастырылған, ол комиссия мүшелерімен тұрақты негізде ашылады және комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді. 2019 жылдыдың 1 тоқсанында лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттері бойынша өтініштер түскен жоқ.

Кадр бөлімінің қызметкерлері жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтарды дайындау кезінде басқарушы функцияларды орындаумен байланысты лауазымға үміткер тұлғалардың жұмысқа орналасуы кезінде сыбайлас жемқорлық жасағандығы немесе ондай мәліметтердің болмау туралы анықтаманы ұсынуына бақылауды жүзеге асырады, сонымен қатар бірінші рет жұмысқа қабылданған қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша соттылығы, біліктілік талаптарына сәйкес келуіне мониторинг жүргізеді.

Сонымен қатар, кадр бөлімімен «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалар өтініштерін мерзімдеріне сай қарау және бақылау бойынша мониторинг тұрақты түрде (тоқсан сайын) жүзеге асырылады.

Кәсіпорында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту мақсатында 2019 жылғы 26 наурызда Кәсіпорын джиректорының орынбасарлары мен құрылымдық бөлім басшыларының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет – әр азаматтың міндеті» тақырыбында дөнгелек үстел өтті.

Ағымдағы жылдың 26 маусымында Кәсіпорын қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша агенттігі Нұр-Сұлтан қаласы Департаментінің қызметкері Исақұл А.Ә. қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында семинар өткізіл, онда сыбайлас жемқорлық қылмыстарды анықтау және лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы бейнероликтер көрсетілді.

Кәсіпорынның интернет-ресурсында «сатып алу» бөлімінде 2019 жылға арналған Кәсіпорынның тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу жоспары орналастырылды, сондай-ақ, Кәсіпорын жүзеге асыратын барлық мемлекеттік сатып алуға рұқсат беретін Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу веб-порталына сілтеме бар.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Кәсіпорында көрінетін жерде орналасқан и тұрақты түрде жаңартылып отыратын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбына арналған бұрыш бар.

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру мақсатында Кәсіпорын Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментімен бірлесіп «Сарыарқа» велотрегі спорт кешенінің көше медиафасадында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы бейнеролик көрсетілімін ұйымдастырды.