Қаріп көлемі: A A A
Аралығы: AАА AАА AАА
Фон: A A A
Қаріп түрі:
KZ
RU EN

Жаңалықтар


Қазақстан командасы І Қысқы «Азия балалары» халықаралық ойындарына қатысады

08.02.2019

2019 жылдың 7 ақпанында сағат 15:00-де «Сарыарқа» велотрегінде Қазақстан командасын І Қысқы «Азия балалары» халықаралық ойындарына салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.

Шара барысында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев жиналған қауымға жүрекжарды лебізін білдірді. Спортшыларға алдағы жарыста сәттілік пен жемісті жетістік тіледі.

Естеріңізге салсақ, 8-17 ақпан аралығында Ресей Федерациясының Оңтүстік-Сахалин қаласында өтетін аталмыш байрақты бәсекеге жалпы 1300 спортшы қатыспақ ниетте. Бұл Азия құрлығындағы мемлекеттерде балалар спортын дамытуға бағытталған жарыстардың бірі болып табылады.

 ҚР спорттық делегациясы 115 адамнан тұрады. Оның ішінде: 73 спортшы, 28 жаттықтырушы, 8 команда өкілдері, 3 төреші (шаңғы жарысы, биатлон, тұғырдан секіру).

Алғашқы жарыс күні 9 ақпанда басталып, спортшылар шаңғы жарысы мен шорт-тректен сынға түспек.

Қазақстан құрамасына алдағы жарыста сәттілік пен жеңіс, жемісті жетістік тілейміз.

 

Велосипед спортынан ОДО баспасөз қызметі

Кері оралу