"АСТАНА" "БАЙЗОНСТАН" ҰТЫЛДЫ

16.02.2015

Бүгін, жүйелі чемпионат аясында өткен ойында «Астана» өз алаңында финдық «Байзонстан» 80:90 есебімен ұтылды. Қонақтар бірінші жартының өзінде алыстан лақтырған доптарының тура торға тиюінің арқасында (9 рет тиді) 20 ұпай артықшылық ала алды. Алайда, ойын барысында артықшылықтары азаяды. Осыған қарамастан, соңғы 10 минутта «Байзонс» күшін жинап, осы команданы плей-оффқа жақындатқан тағы бір жеңіс ала алды. 

 «Астана» БК-ның бас бапкері Рамунас Бутаутастың түсініктемесі:

- Финдық команданың қорғауы да, шабуылы да біздің командаға қарағанда күштірек және жылдамдырақ болды. Біз шабуылымызда ұпай жинай алмасақ, финдық қарсыласымыз үш ұпайлық доптар лақтырды. Одан кейін есептегі айырмашылық тез өсіп, осы жағдайды жақсартуға тайм-ауттар да әсер ете алмады. Алайда, біз ойын дағдысын жылдамдатып, қорғауымызды өзгертіп, агрессиялы түрде ойнай бастадық, бұл біздің командамызға шабыт берді. Ойын барысында ойыншылар ротациясы тым аз болды, бұл біздің ырғағымызды қолдауға мүмкіндік бермей, ойын соңында біз өте маңызды екі үш-ұпайлық допты өткізіп алдық. Олар шешуші доптар болғантын. 

«Байзонс» БК-ның бас бапкері Грэг Гибсонның түсініктемесі:

- Бүгін біз өте мықты қарсыласты жеңе алдық. «Астана» - тамаша команда, әдемі қала, керемет алаң және жанкүйерлер. Біздің бүгінгі жеңісіміздің басты себебі – матч басындағы алға ұмтылысымыз. Біз бүгін өте жақсы ойнадық. «Астанадан» артықшылықпен алға кеттік. «Астананың» ойыншылары – керемет ойыншылар, олар адам айтқысыз камбэк жасап, ойынға қайтып оралды, алайда, біз ойын ырғағымызды сақтап алып, жеңіске жете алдық! Командамды жеңіспен құттықтаймын!

 «Астананың» үздіктері: Ник Каньер-Медли – 18 ұпай, 14 іріктеу; Джерри Джонсон – 14 ұпай, 6 рет доп беру; Джейкован Браун – 14 ұпай, 5 рет доп беру; Рашид Махалбашич – 12 ұпай.

«Астананың» келесі матчы үй алаңында 16 ақпан күні өтеді. «Астана» сағат 20.00-де аты аңызға айналған ресейлік ЦСКА клубын қарсы алады. 

www.bcastana.kz

Бөлісу: