Жаңалықтар
Белдеу күресі бойынша жаттықтырушылар үшін біліктілікті арттыру курстары өткізіледі
Қазақстан Республикасының спорт және дене шынықтыру Министрлігінің спорт және дене шынықтыру бойынша Комитеті ҚР белдеу күресі және басқа да ұлттық күрес Ассоциациясымен бірге жаттықтырушы-мұғалімдерге арналған біліктілікті арттыру курстарын жүргізеді.
Жоғарыда айтылған курстар «Сарыарқа» велотрегінің спорт кешенінде,ағымдағы жылдың 5-11 сәуір аралығында өткізіледі. Курсқа Ақмола, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қаласынан осы спорт түрінің 19 жаттықтырушы-мұғалімдері тіркелді.
«Республикалық Оқу-әдістемелік және дене шынықтыру және спорт жөніндегі талдау орталығы» МҚК 2015 жылдың 17 шілдесінде біліктілікті арттыру курстарын, спорт саласындағы мамандар үшін жиналыстарды, конференцияларды ұйымдастыру үшін құрылғанын еске сала кетейік.
Баспасөз қызметі
Олимпиадаға даярлау
орталығының велоспорт үшін