Қасиетті де ұлы мереке - Жеңіс күнімен құттықтаймыз!

09.05.2019
Қадірлі соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері! 
Құрметті қазақстандықтар! 
Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! 
Сіздерді қасиетті де ұлы мереке – Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – Отан қорғаудағы өшпес ерлік пен өлшеусіз даңқтың, халқымыздың шексіз қаһармандығы мен мұқалмас қажыр-қайратының ең айтулы мерекесі. Баршамызға мәлім, Ұлы Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. 

Майдангерлердің иығына аса ауыр жүк түсіп, Отаны, елі үшін от болып жанды, оқ болып атылды. Қаншама боздақтар ұрыс даласынан қайтпай қалды. Арын – байрақ, намысын найза еткен ерлердің қаһармандығы аңызға айналды. Осы қасиетті күні адалдық пен еліне деген жанқиярлықтың үлгісін көрсеткен батырларымыздың рухына бас иіп, тағзым етеміз. 

Жеңіс үшін күрескен батырларымыздың арқасында біз жарқын өмірге қадам басып, алаңсыз бейбіт уақытта өмір сүрудеміз! Бұл күн - біздің елімізде әрбір адам үшін ерекше. 

Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек. 
Қадірлі соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, қазақстандықтар, сіздерді Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбіт өмір, отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз! 

Велосипед спортынан ОДО баспасөз қызметі


Бөлісу: