Жаңалықтар
«Омбы-2019 Гран при» халықаралық сайысының нәтижелері
Ресейде тректегі велоспорттан «Омбы-2019 Гран при» халықаралық сайысы өз мәресіне жетті.
Сайыстың алғашқы күні спортшылар спринт және омниум бәсекелері бойынша бақ сынады. Спринт бойынша Орталық спортшылары жақсы нәтижелер көрсетті. Павел Воржев аталған сайыс түрі бойынша алтын алқа тақса, Андрей Чугай пьедесталдың екінші тұғырына көтерілді.
Юниорлар арасында кейрин бәсекесі бойынша Темірхан Сиазбеков үздік атанса, Александр Сафаров екінші орынға ие болды. Мэдисон бәсекесінде элита санаты бойынша Бекенов Александр мен Потанпенко Дмитрий екінші орын иегерлері атанды. Осы санат бойынша кейринде Резанов Дмитрий күміс, ал Пономарев Сергей қола жүлде иесі атанды.
Әйелдер арасындағы омниум сыны бойынша Орталығымыздың спортшысы Рината Сұлтанова үшінші орын алды.
Спортшыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз!