Жаңалықтар
Балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін мастер-класс
18 қазанда «Сарыарқа» Республикалық велотрегінде Ашық есік күндері шеңберінде Ақмола облысының балалар үйлері тәрбиеленушілері үшін мастер-класс өтті. Оған үш балалар үйі қатысты: Ақкөл қ. №1балалар үйі, «Светоч» балалар үйі және КРУ «Астана» балалар үйі .
Мастер кластың міндеті балалар үйінің тәрбиеленішулерін тұрақты дене шынықтыруға және спортқа тарту, қолғалмалы және спорт ойындар арқылы салауатты өмір салты принциптерін қалыптастыру, тәртіпті және ұйымшылдықты тәрбиелеу, топта жұмыс жасау қабілетін тәрбиелеу.
«Mustafa-Astana» клубының өнер көрсетуімен тхэквондо бойынша секция ашылды, мұнда балаларды өз қарсыластарынан қоғанудың және әсер етудің бірнеше әдістерін көрсетті. Сонан соң мини-футбол бойынша матч өтті, онда «Светоч» балалар үйі үшінші орын, екінші орынды - Ақкөл қ. №1балалар үйі, КРУ «Астана» балалар үйі-бірінші орынды алды. Балалар жүзу бойынша КСРО спорт шебері Л.Ю.Хамзинадан тамаша тәжірибе алды. Ол жүзу құпиялары мен дұрыс тыныс алу тәсілдері туралы айтты. Мұндай іс-шаралар балаларға спортпен айналысуға ықыласын ашуға көмектеседі, бұл біздің басты мақсатымыз болып табылады.
«Сарыарқа» велотрегінің баспасөз қызметі