Еліміздің барша тұрғындарын Қазақстан халқының достығы және бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

01.05.2023

Баршаларыңызға, әр отбасына, әр Қазақстандыққа шынайы көңілмен бақыт - береке тілейміз.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз – молшылыққа, ал әрбір шаңырақ бақыт пен шаттыққа кенелсін!
Біз – қазақстандықтармыз! Біз ортақ еңбегімізбен, бірлескен ізденісімізбен, топтасқан болмысымызбен ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасын күн санап түлетіп, күн санап өркендете түсудеміз.
Біз елімізбен бірге есейіп келеміз.
Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі құтты болсын ағайын!

Бөлісу: