Жаңалықтар

Жарты әлемді велосипедпен шарлау

21.06.2017

Нодар Беридзе әйгілі велошабандоз, Гинес рекордтар кітабының он төрт мәрте рекордшысы Джумбер Леваштың пікірлесі болып табылады.
Грузин кәсіпкері Нодар Беридзе 2016 жылдың 16-қаңтарында « Бейбітшілік жолы» атты велосипед турын бастады. 46 жастағы жиһанкез 850 күннің ішінде 40 000 километр өтуді жоспарлап отыр. Бұл турдың басты мақсаты – халықтарға және елдерге бейбітшілік пен толеранттықты насихаттау. 
Қазіргі таңда ол 8 000 километрді өтіп және де осы күндері Қазақстанның астанасы Астана қаласының «Сарыарқа» республикалық велотрегінде орналасты. 
Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары қонақты қарсы алып, Астананың ең әдемі орындарына серуендетіп және де Қазақстанның басты көрнекілігі «Болашақ энергиясы» EXPO-2017 көрмесіне алып барды. 

Сонымен қатар велосаяхатшы 10 елдегі «Жди меня» бағдарламасының көмекшісі болып табылады. Ғаламторды қолданбайтын және әлеуметтік желілерде отырмайтын адамдар көмекке мұқтаж. Нодардың көмегімен әлемнің түрлі елдерінен 700-ден астам адамдар табылды. 
Ертең Нодар Беридзе қайтадан жолға шығады... 
Шын жүректен досымызға сәтті сапар тілейміз!

Велосипед спортынан ОДО баспасөз қызметі

Бөлісу: