«Сарыарқа» фитнес орталығындағы промо-акция

16.05.2017

2017 жылғы 20 мамырда «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК әкімшілігінің басшылығымен «Сарыарқа» фитнес орталығында промо-акция өткізіледі.

Бұл шараның мақсаты өскелең ұрпақ арасында бұқаралық спортты дамыту, спорт секцияларына жаңа клиенттерді тарту, қызғылт сары (оранжевый) бардың клиенттерінің артықшылықтарын зерделеу және «Сарыарқа» фитнес орталығының беделін қалыптастыру болып табылады.

Сізді көптеген әсерлер күтуде, ұнамды жүлделер ұтысқа салынады, Қызғылт сары (оранжевый) бардан сияпат тарту етіледі, сондай-ақ спорт секцияларының жаттықтырушылары кеңес береді.

Мұндай мүмкіндікті өткізіп алмаңыздар!

Өткізілу орны: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 45А, «Сарыарқа» фитнес орталығы (батыс кіреберіс).

Уақыты: сағат 15.00

Барлық қалаушылар үшін кіру тегін!

Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығының баспасөз қызметі


Бөлісу: