Әуесқойлар үшін велоспорт секциясы ашық!

17.09.2020

Сіздерге велоспорт секциясына жазылу жүріп жатқанын қуана хабарлаймыз!

Сіздерде әлемнің ең үздік велотректерінің бірінде жаттығуға мүмкіндік туып отыр!

Бүгінгі таңда велоспорт қаламызда қарқынды дамып келеді. Қызығушылық танытқан кез-келген адам аталған секцияға жазылып, велосипед тебудегі арнайы білімі мен біліктілігін жетілдіре алады. Жаттығу жұмыстары ені 7 метр, ұзындығы 250 метр  тректе өткізіледі.

Секцияға 16 жастан бастап қабылдаймыз:

  • Бір реттік жаттығу - 2000 теңге.

  • Топтық жаттығу - 22 000 теңге (аптасына 3 рет).

Ендігі уақытта әлемнің ең үздік трегінде жаттығу әр адам үшін қолжетімді! Байланыс үшін: +7 701 511 11 50, Бауржан

Бөлісу: