"Мәдениет және спорт министрлігі - Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің кезекті жиыны өтті.

17.02.2021

Бүгін, 17 ақпанда, "Сарыарқа" республикалық велотрегінің мәжіліс залында «Нұр-Сұлтан» олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК қызметкерлерінің қатысуымен  ҚР "Мәдениет және спорт Министрлігі - Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің бірлескен жиыны өтті.

Отырыстың негізгі идеялық бағыттары ретінде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, қаржылық операциялардың ашықтығын құру, сондай-ақ спорт саласындағы заң бұзушылықтарды болдырмау қарастырылды.

Жиын барысында Жобалық кеңсе басшысы Марат Болысбекұлы "Нұр-Сұлтан" олимпиадалық даярлау орталығы" ОДО ұжымына жыл бойына бірлесіп жасалатын  іс-шаралар туралы ақпарат беріп өтті. Алдағы уақытта екі тарап арасында сыбайлас-жемқорлықтың алдын-алуға байланысты бірқатар жұмыстар жүргізілетін болады.

Бөлісу: