Велосипед спортынан тректе жарысу Қазақстан Республикасының Чемпионаты басталуда.

11.05.2017

2017 жылдың 14-18 мамыр аралығында «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК –ның спорттық кешенінде 4 күндік топтық жарыста (юниор ер балалар, юниор қыз балалар, бозбалалар, бойжеткендер)Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтеді.

Жоғарыда аталған спорттық жарысқа облыстардың , Астана және Алматы қалаларының құрама командалары, ҚР өңірлік велосипед клубтары қатысады.

Чемпионат UCI халықаралық ережелеріне және Қазақстан Республикасында жарыстарды өткізу ережелеріне сәйкес өткізіледі.

Чемпионаттың салтанатты ашылуы осы жылдың 15-мамырында 9:00-де болады.

Барлық велосипед спортын сүйер қауымына кіру тегін!

Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығының баспа- қызметі


Бөлісу: