Триатлон алаңы

01.11.2019

ТРИАТЛОНМЕН шұғылданасыз, бірақ жаттығатын жер таппай жүрсіз бе? 

Біз Сізге көмектесеміз! 

"Сарыарқа" велотрегінде сіздің жаттығу жұмыстарыңыз үшін барлық жағдай жасалған!

  • ЖҮЗУ ҮШІН:

Бізде бассейн қызмет көрсетеді:
- 25 м*17 м көлемді бассейн, тереңдігі 2 м, су температурасы шамамен 27 С;
Аталмыш кешенде киім ілетін және жуынатын орындар, жеке шкафтар, 3 түрлі сауна бар. 

  • ВЕЛОСИПЕДПЕН ЖҮРУ:

Біздің трек спорт кешенінің ең басты ерекшеліктерінің бірі. Оның жабыны сібір балқарағайы ағашынан жасалған. Жабынның ұзындығы 250 метр, ені 7 м, ал бұрылысы 42 градус, тік учаскелері 12,5 градус.

  • ЖҮГІРУ ҮШІН:

Біздің фитнес-орталықта италияндық өндірушілер ұсынған заманауи құрал-жабдықтар, оның ішінде жүгіру жолдары бар!

 Сізді келесі мекен-жай бойынша күтеміз: Қабанбай батыр даңғылы, 45 А

Бөлісу: