Жаңалықтар
Астанада шахматтан Әлем чемпионаты өтеді
Бүгін сағат 11:00-де Сарыарқа велотрегінің мәжіліс залында классикалық шахматтан Командалық Әлем Чемпионатына орай баспасөз-конференциясы өтті.
Еске салсақ, 2019 жылдың 4-15 наурыз аралығында Астана қаласында әлемнің 14 елінен ең мықты құрамалар қатысатын классикалық шахматтан Командалық Әлем Чемпионаты өтеді. Аталмыш шара елімізде алғаш рет ұйымдастырылмақ.
Әлем Чемпионаты «Астана» Халықаралық қаржы орталығы ғимаратында өтеді деп жоспарланған. Басты мақсаты – жергілікті мамандардан бәсекеге қабілетті халықаралық дәрежедегі кәсіби шеберлерді қалыптастыру арқылы Қазақстанда адами капиталдың сапасын арттыру болып табылады.
Жарысқа Қытай, Әзірбайжан, Иран, АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Үндістан, Украина, Грузия, Қазақстан және тағы да басқа елдерден 20 құрама, соның ішінде 10 ерлер және 10 әйелдер командасы бақ сынайды. Олардың арасында әлем және континент чемпиондары, FIDE 2018 Олимпиадасынан соң, ең жоғары рейтингке ие болған 6 команда, қабылдаушы федерациядан және FIDE президенті тағайындаған екі команда сынға түседі.
Командалық есепте Әлем чемпионы атағы ерлер мен әйелдер командасына жеке беріледі.
Велосипед спортынан ОДО баспасөз қызметі