АСТАНАДА IV ЖАСТАР СПОРТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ БАСТАЛДЫ

25.05.2017

Бүгін Астанада «Сарыарқа» Республикалық велотрегінде Қазақстан Республикасының тректегі велосипед спортынан IV жастар спорттық ойындарының ашылуы болды. Қазақстанның түрлі қалаларынан және облыстарынан келген жас 134 велосипедшілер бес жарыс күндерінде: жеке қудалау жарысы, спринт, кейрин, скретч топтық жарысы, ұпайлар бойынша топтық жарысы, командалық спринт, командалық қудалау жарысы, ойыннан шығумен топтық жарысы, гит және мэдисон жұптық-топтық жарысы бойынша чемпиондар атағына күреседі.

Жастар спорттық ойындары 4 жылда бір рет болатындығын айта кеткен жөн. Тректегі велосипед спортынан III Халықаралық спорт ойындары 2013 жылы өтті. Сол кезде командалық есеппен Қарағанды облысы айқын жеңіске жетті, ал жеңімпаздардың бірі, қазіргі Тректегі велосипед спортынан Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасының мүшесі және«Astana Track Team» командасының келешегі бар шабандозы Сергей Шатовкин болды.

cycling.kz

Бөлісу: