Жаңалықтар
Жас таеквондошылар халықаралық турнирде жүлдегер атанды
04.02.2020
30 қаңтар мен 2 ақпан аралығында таеквондо секциясының тәрбиеленушілері жаттықтырушы Бейсембай Әлішердің бастамасымен Фуджейра қаласында (БАӘ) өткен «Fujairah Open” G-2 халықаралық турниріне қатысып қайтты. Онда әлемнің түкпір-түкпірінен 1500 қатысушы бақ сынасты.
Біздің Орталықтың жас спортшылары аталған сайыста жақсы өнер көрсетіп, үздік нәтижеге қол жеткізді. Атап айтқанда, Бейбітқызы Адема 36 кг. дейінгі салмақ дәрежесі бойынша чемпион атанса, Қуандық Арлан 24 кг. Дейінгі салмақ категориясы бойынша қола жүлдеге ие болды.
Жас таеквондошыларымызды құттықтай отырып, алдағы спорт карьераларына сәттілік тілейміз!