Ертең «Олимпиадалық үміт» жарысы өтеді

14.09.2018

15 қыркүйек күні «Сарыарқа» республикалық велотрегінде мектепке дейінгі балалар арасында велосипед спорты бойынша дәстүрлі түрде ІІ «Олимпадалық үміт» жарысы өтеді. Жеңімпаздар велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығының арнайы жүлдесіне ие болады.

Бүгінде біз үшін түрлі шараларды ұйымдастыру зор мәртебеге айналды. Елімізде жасөспірімдер арасында велосипед спортын дамыту, оның танымалдылығын арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2016 жылы олимпиадалық даярлау орталығы әкімшілігінің ұйымдастыруымен аталмыш шара тиісті деңгейде өтті. Шараға 150-ге жуық балалар қатысты, 500-ге жуық көрермендер мен меймандар жиналды.

«Олимпиадалық үміт» жарысында бізге «Velofrends» қоғамдық қоры, «ВелоЦентрАстана»  мектебі, «Glad Kids» оқыту орталығы, «Strider School Astana»  велосипед мектебі, «Winner» спорт дүкені қолдау көрсетіп, демеушілік етеді.

Биылғы жылы бағдарлама бойынша баршаны 100 метр қашықтықтағы велосипед жарысы, аниматорлардың ойын-сауық бағдарламасы, шеберлік сыныбы, сыйлықтар,  шара демеушілері ұсынған ұтыс ойындарының сыйлығы күтілуде. Сондай-ақ жүлделі орындарды иеленген жандар Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығының әкімшілігі атынан түрлі сыйлықтармен көтермеленеді.

Жарыста 5-6 жастағы  бүлдіршін 4 санат бойынша өзара бақ сынайды.

Жарыстың ұйымдастырушысы «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК.

Өтетін орны: «Сарыарқа» велотрегі, Қабанбай батыр даңғылы 45 А.

Бөлісу: