Қаріп көлемі: A A A
Аралығы: AАА AАА AАА
Фон: A A A
Қаріп түрі:
KZ
RU EN

Велоспорт


Спорт сүйер қауым үшін «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығында» арнайы секциялар ашылды.

Сондықтан әлемдегі ең үздік спорт кешендерінің бірі болып танылған велотректе жаттығу үшін сіздерге ерекше мүмкіндікті ұсынамыз!

Бүгінде біздің қаламызда велоспорт қарқынды дамуда. Сондықтан велоспорт спортына қызыққан әрбір жан секцияға жазылып, велосипедте жүру дағдысын үйренеді, білімін шыңдай түседі.

Бұл спорт түрі адам денсаулығын нығайтуға, денені шынықтыруға септеседі. Психологтардың пайымдауынша, велоспорт жүйке жүйесінің қалыпты жұмыс жасауына, адамның діттеген мақсатына жетуіне, жылдам әрі шапшаң қимылдауына, нақты шешім қабылдауына айтарлықтай өзіндік үлес қосады.

Келушілерге сабақты арнайы дайындықтан өткен, білікті жаттықтырушылар өткізеді. Олар спортпен шұғылданам деушілерге өзінің тәжірибесімен алмасуға және жаттығу бағдарламасын ұсынуға әзір.

Ұзындығы 250 метр, ал ені 7 метр, бұрылысы 12,5-тен 42 градусқа дейінгі тректе жаттығу жүргізіледі.

Сабақтың құны:

Бір күндік сабақ - 2000 теңге.

Топтық сабақ - 20 000 теңге (аптасына 3 рет).

Жеке сабақ - 60 000 теңге (12 сабақ).

Әлемдегі ең үздік тректерінің бірінде жаттығу жасау мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

Секцияға жазылу туралы толық ақпаратты келесі нөмір арқылы біле аласыз: Өтегенов Бауыржан +7 701 511 11 50, +7 (7172) 707 152.