Қаріп көлемі: A A A
Аралығы: AАА AАА AАА
Фон: A A A
Қаріп түрі:
KZ
RU EN

Мини-футбол


«Сарыарқа» республикалық велотрегі спорт сүйер қауымды доппен ойнап үйренуге шақырады.

Бүгінде бос уақытын тиімді пайдаланып, спортқа қызығушылық танытатын әрбір спорт әуесқойлары футболмен бала кезден бастап айналысады. Ең алдымен командалық дағдыларды нығайтуы үшін бала доппен ермек ретінде ойнауы керек. Кейін кәсіби жаттығуларға ауысып, мини-футболдың шебері атануға мүмкіндік туады.

Сабақты аталмыш ойынның кәсіпқой маманы өткізеді. Тәжірибелі бапкер балаға допты меңгеруге үйретіп, кейін оның шеберлігін дамытып, күшейтуге көмектеседі.

Біздің орталықта жаттығу үшін барлық жағдай жасалған. Халықаралық стандарттарға сәйкес жасалған жасанды алаң, ойын залы, киім ілетін және жуынатын бөлмелері бар.

Сабақтың құны:

Топтық сабақ - 15 000 теңге (аптасына 3 рет).

Егер сіздің балаңыз футболға қызығушылық танытып, спорт саласының жұлдызы атанғысы келсе, сіздерді «Сарыарқа» велотрегіне шақырамыз!

Секцияға жазылу туралы толық ақпаратты келесі нөмір арқылы біле аласыз: Ойратов Қайрат +7 771 215 63 22.