Спорт секциялары

Жүзу

Сарыарқа» фитнес орталығы Сіздерді жүзу спорт секциясына шақырады!

Жүзу - денсаулық пен көңіл-күйді жақсартуға арналған ең тиімді және танымал спорт түрлерінің бірі. Бассейнге бару, егер жеке қарсы көрсетілімдер болмаса, кез келген жастағы балрлық адамдарға рұқсат етіледі.

Осы, шын мәнінде пайдалы, спорт түрі стресс пен дене кернеуін жеңілдетуге, дененің жүрек-тамыр және тыныс алу жүйелерін жаттықтыруға, вестибулярлық аппараттың дамуына оң әсер етуге, кеуде мен өкпені дамытуға, дене пішінін және көңіл-күйді жоғары деңгейде ұстауға зор көмегін тигізеді.

Жүзу кезінде икемділік, координация және қозғалғыштық дамиды, ағзаның ішкі алмасуы 50-75%-ге жылдамдайды, буындар мен омыртқалар нығаяды, барлық бұлшықет топтарының қимыл біліктілігі артады, психологиялық ахуал жақсарады.

«Сарыарқа» фитнес орталығындағы ересектер мен балаларға арналған жүзу сабақтарын осы спорт түрінің кәсіби нұсқаушылары жеке немесе топпен жүргізеді. Секцияға балаларды қабылдау 7 жастан бастап жүргізіледі.

Сабақтар 2 бассейнде өткізіледі:

  • бассейн 25 м х 17 м, тереңдігі 2 м., 6 жолақ, су температурасы 27С;
  • бассейн 13м х 6м, тереңдігі 1 м., температурасы 30-31С (балалар үшін).

Сіздерге ыңғайлы болу үшін киім ауыстыратын бөлмелер, жеке шкафтар және душ кабиналары бар.

Секцияға қатысу құны:

Жеке-дара сабақтары:

  • 1 сабақ – 5 500 теңге;
  • 5 сабақ – 25 000 теңге;
  • 10 сабақ – 40 000 теңге.
  • Ересектер үшін топтық сабақтар: 25 000 теңге (аптасына 3 рет) / 12 сабақ
  • Балаларға арналған топтық сабақтар: 18 000 теңге (аптасына 3 рет) / 12 сабақ

Анықтама үшін телефон: +7 (7172) 707 179 (қабылдау);

+7 702 250 58 59 Нұрғалиев Айдар;

+7 778 580 62 08 Нұржақсынов Еркебұлан;

+7 705 659 99 69 Исмағұлов Сұлтанбек.