ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ II КЕЗЕҢІНДЕ

17.06.2025

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ II КЕЗЕҢІНДЕ

2025 жылғы 15–20 маусым аралығында Сингапур қаласында өтіп жатқан садақ атудан Азия кубогының 2-кезеңінде қазақстандық спортшылар қатысуда.

Жарысқа әлемнің 20 елінен 204 спортшысы қатысып, мергендіктерін көрсетуде.

Ел намысын қорғап жатқан «Астана» олимпиадалық дайындық орталығының (ОДО) спортшылары:

  • Юнусова Диана (Шымкент қаласы),

  • Лян Виктория (Түркістан облысы).

 

Алдағы күндері қазақстандық жас мерген қыздар аралас разрядта (микс-команда) өнер көрсетіп, жүлделі орындар үшін бақ сынайды.

Спортшыларымызға сәттілік пен жеңіс тілейміз!

Бөлісу: