«САРЫАРҚА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ВЕЛОТРЕГІНДЕ ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

15.05.2025
«САРЫАРҚА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ВЕЛОТРЕГІНДЕ ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

15 мамыр мен 19 мамыр аралығында жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында велоспорттан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр. Төрт күнге созылатын бұл додада еліміздің түкпір-түкпірінен келген болашағы зор спортшылар өз бақтарын сынайды.

Чемпионатқа барлығы 141 жас велошабандоз қатысады. Олар Қазақстанның 12 облысынан және Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан келген. Жарыс бағдарламасына топтық жарыс пен спринт түрлері кіреді.

Бұл чемпионат — еліміздегі жас спортшылар үшін үлкен мүмкіндік. Олар өз шеберліктерін көрсетіп қана қоймай, болашақ халықаралық жарыстарға қатысуға жолдама алу үшін маңызды ұпайлар жинайды. 

Бөлісу: