«СПОРТ ЖАЙЛЫ ДЕРЕКТЕР» АЙДАРЫ: ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА

20.01.2025

Жеңіл атлетика ежелгі спорт түрлерінің бірі болып саналады. Тарихи тамыры ежелгі Грециядан бастау алған, жүгіру және спорттық снарядтарды лақтыру жарыстары аталған елде біздің заманымызға дейінгі 776 жылы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енген.

Жеңіл атлетикаға жүгіру, лақтыру, секіру және спорттық жүріс кіреді. Ол бірнеше санатқа бөлінеді: спринт (қысқа қашықтықтар), орта және ұзақ қашықтықтар, эстафеталар, ұзындыққа секіру, биіктік және полюс, сондай-ақ лақтыру (диск, найза, ядро).

100 метрге жүгіру – ең қызықты дисциплиналардың бірі. Спорт тілінде «спринт патшасы» деп атап жатады, әдетте 100 метрге жүгіру арқылы адамдар рекорд жаңғыртады. Ерлер арасындағы рекорд Усейн Болтқа тиесілі, оның уақыты 9,58 секунд (2009 жылы орнатылған), ал әйелдер арасында Флоренс Гриффит-Джойнер 10,49 секундта (1988) қарсылас шақ келтірмеді.

Жеңіл атлетикада ұзындығы 42,195 шақырым болатын марафон ең ұзақ қашықтық болып саналады. Бұл күш пен төзімділік сынағы 1896 жылы олимпиадалық спорт түрінің қатарына кірді.

«Астана» олимпиадалық даярлау орталығында жеңіл атлетика бойынша әртүрлі деңгейдегі сайыстарға қатысатын талантты, талапты 98 спортшы бар. Атлетшілердің республикалық, халықаралық сайыстарда Қазақстанның намысын абыроймен қорғап, кәсіби шеберліктері мен жеңіске деген ұмтылыстарын көрсетіп жүргенін айта кету қажет.

Бөлісу: