ЛА-НУСИЯ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ОЖЖ: «АСТАНА» ОДО СПОРТШЫЛАРЫНЫҢ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА ДАЙЫНДЫҒЫ

28.01.2025

23 қаңтардан 4 ақпанға дейін Испанияның Ла-Нусия қаласында «Астана» ОДО тасжол велоспортының спортшылары (юниорлар) Азия чемпионатына дайындық мақсатында оқу-жаттығу жиынынан өтіп жатыр.

Спорттық шараның мақсат-міндеттері:

1.     Азия чемпионатына мықтап дайындалу.

2.     Күштік жұмыс жиынтығы.

3.     Жылдамдық көрсеткіштерін арттыру.

Аға жаттықтырушы – Горбачевский В.Н, Тупченко Д.А. – механик.

Ла-Нусия қаласындағы оқу-жаттығу жиыны велошабандоздардың нәтижесін арттыруға көмектесетін таптырмас мүмкіндік. Әсіресе, таулы аймақтағы жаттығулар төзімділікті шыңдап, спорттық шеберлікті жоғарылатуға септігін тигізеді.

Бөлісу: