Жаңалықтар
Олимпиада ойындарына санаулы күндер қалды
Париж-2024 Олимпиада ойындарының басталуына санаулы күндер қалды. 26 шілде мен 11 тамыз аралығында Францияның астанасында барша әлемнің үздік спортшылары жиналып, өзара мықтыны анықтайтын болады. Төртжылдықтың басты додасына «Астана» Олимпиадалық даярлау орталығының 12 талантты спортшысы 4 спорт түрі бойынша қатысады.
Жазғы Олимпиада ойындарының тарихында алғаш рет ашылу салтанаты стадионда өтпейді. Бұл жолы салтанатты рәсім Сена өзенінің бойында ұйымдастырылады деп жоспарланып отыр. Әр делегация жеке қайықпен жүретін болады, командалық қайықтардың түгелі дерлік бейнекамералармен жабдықталады. Бұл көрермендердің спортшыларды жақыннан көрулеріне мүмкіндік бермек. Париждегі Олимпиада ойындарында бақ сынайтын спортшыларымызға сәттілік пен жеңіс тілейміз!
«Астана» олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары әлемдік деңгейде ел намысын абыроймен қорғау үшін тынымсыз еңбектенуде. Біз спортшыларымыз шеберліктеріне, мықтылығына сенеміз. Тиісінше, келе жатқан Жазғы ойындарда жеңіс пен сәттілік тілейміз!
«Париж-2024» ойындары спортшыларымыз үшін жаңа белес болмақ. Барша спортсүйер қауым отандастарымыздың өнерін бақылап, қолдау білдіретініне сөзсіз сенімдіміз!