АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНАН - КҮМІС ЖҮЛДЕ!

21.02.2025

Құрметті велоспорт жанкүйерлер!

21-27 ақпан аралығында Малайзияның Нилай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында 16 елден 306 спортшы бақ сынауда. Бұл беделді додада ОДО «Астана» жастар және жасөспірімдер құрамасының намысын 17 спортшы қорғауда.

Жарыстың алғашқы күнінде жасөспірімдер құрамасы — Шемет Аркадий, Журавский Данил, Базарбеков Диас және Филиппов Ярослав командалық спринт сайысында күміс жүлдеге ие болды!

Қалған спортшыларымызға сәттілік тілейміз! Алға, Қазақстан!

Бөлісу: