Жаңалықтар
«АЛТАЙДАН ОРАЛҒА ДЕЙІН» ВЕЛОШЕРУІНЕ ОДО «АСТАНА» ҚЫЗМЕТКЕРІ ҚАТЫСУДА
03.06.2025
«АЛТАЙДАН ОРАЛҒА ДЕЙІН» ВЕЛОШЕРУІНЕ ОДО «АСТАНА» ҚЫЗМЕТКЕРІ ҚАТЫСУДА
Астана қаласының тұрғындары Еңбекші мамандықтар жылына орай ұйымдастырылған республикалық «Алтайдан Оралға дейін» велошеруінің қатысушыларын «Көктал» саябағында сән-салтанатпен қарсы алды.
Велошеруге қатысушылардың қатарында «Астана» олимпиадалық даярлау орталығының қызметкері Сағдат Әлімханұлы да бар.
Бұл республикалық велошеру қоғамда жұмысшы мамандықтардың беделін арттыруға бағытталған. Мұндай бастамалар еңбекке деген құрметті қалыптастырып, жастардың техникалық және өндірістік мамандықтарға деген қызығушылығын арттырады.
1000 шақырымнан астам жолды артқа тастаған велошабандоздар елордаға сәтті жетті. Алдағы бағыт – Ақмола облысындағы Атбасар қаласы.