Жаңалықтар
СПОРТШЫЛАР АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНАН ЕЛГЕ ОРАЛДЫ!
28.02.2025
Малайзияның Нилай қаласында өткен велотрек спорты бойынша Азия чемпионатында «Астана» Олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары ел намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтижемен оралды!
Жүлделі орындар:
Алтын медаль – Динара Көпжасарова, Александра Тилипская, Аружан Кабдулова және Гүлназ Хурметбекқызы
Күміс медаль – Гүлназ Хурметбекқызы, Аркадий Шемет, Данил Журавский, Диас Базарбеков, Ярослав Филиппов
Қола медаль – Диас Базарбеков, Кирилл Курдидида
Чемпионатта 16 елден 306 спортшы бақ сынады. Олардың арасында біздің орталықтың 17 спортшысы да өнер көрсетіп, ел мерейін үстем етті.
Спортшыларымызды жеңіспен құттықтаймыз!