Жаңалықтар
ҚЫРҒЫЗСТАНДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ШОССЕДЕГІ ВЕЛОСПОРТТАН ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ӨТУДЕ
ҚЫРҒЫЗСТАНДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ШОССЕДЕГІ ВЕЛОСПОРТТАН ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ӨТУДЕ
2025 жылдың 14–31 мамыр аралығында Қырғыз Республикасының Тамчи ауылында жасөспірімдер арасында шосседегі велоспорттан оқу-жаттығу жиыны өткізілуде. Аталған жиын қазақстандық жас спортшыларды алдағы Азия ойындарына дайындау мақсатында ұйымдастырылып отыр және 18 күнге созылатын қарқынды спорттық жұмысты қамтиды.
Жиынның негізгі мақсаттары мен міндеттері:
1. Аэробты төзімділікті дамыту;
2. Қанның оттегімен қамтамасыз етілу қабілетін арттыру және оттегі тапшылығы жағдайына бейімделу;
3. Таулы аймақта күштік жаттығулар өткізу.
Жиынға қатысушылар құрамы:
1. Валиев Альмир — Шымкент қаласы
2. Азаматұлы Файзолла — Алматы облысы
3. Махсутов Руслан — Алматы қаласы
4. Чжан Кирилл — Жетісу облысы
5. Күйтенов Мурат — Астана қаласы
6. Шевцов Даниил — Жамбыл облысы
Жаттықтырушылар мен мамандар құрамы:
• Горбачевский В.Н. — аға жаттықтырушы
• Тупченко Д.А. — механик