«ЛАДОГА АЛТЫНЫ» ЖАРЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

16.06.2025
«ЛАДОГА АЛТЫНЫ» ЖАРЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

2025 жылғы 8–16 маусым аралығында Ленинград облысы, Карелия Республикасы және Санкт-Петербург қаласында «Ладога алтыны» халықаралық тас жол веложарысы өтті.
Жарысқа 5 елден 77 спортшы қатысты.

Аталған жарысқа «Астана» Олимпиадалық даярлау орталығының велошабандоздары да қатысты.

Команда құрамында өнер көрсеткендер:
* Әлмир Валиев
* Азаматұлы Файзолла
* Руслан Махсутов
* Кирилл Чжан
* Мурат Күйтенов
* Данил Шевцов

Жарыс қорытындысы бойынша Альмир Валиев «Ең үздік жас велошабандоз» номинациясында бірінші орынды иеленді.

Спортшымызды жарқын жеңісімен құттықтаймыз!

Бөлісу: