Жаңалықтар
Велоспорттан ҚР чемпионаты өз мәресіне жетті
Бүгін велоспорттан Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетіп, жабылу салтанаты өтті. 5 күн бойы еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 103 спортшы қызу бәсекеде спринт және темп түрлері бойынша бақ таластырып, өзара мықтыны анықтады.
Сайыс қорытындысы бойынша мәре сызығын бірінші болып кескен велошабандоздар мықтылықтары мен спорттық шеберліктерін растайтын грамота, медальдармен марапатталды.
Чемпионаттың жабылу салтанатына жиналғандар Әлем Чемпионатының жүлдегері Данияр Шаяхметовты жеңісімен құттықтап, бұдан да биік белестерді бағындыруын тіледі. Қазақстанның велосипед спорты федерациясының президенті Райымбек Баталов орталық спортшысы мен жаттықтырушысына қаржылай сертификат табыстады әрі жеткен жетістіктерінің маңызын атап өтті.